Тапсырмаға ерекшелігі (Мұғалімге арналған ақпарат)
- 1Пәні: информатика 2.Сынып 5
- 2.Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер.
Негізгі құзіреттілік және аспект
- Құзіреттілік: ақпараттық құзыреттілік
- Аспект: ақпаратты өңдеу
Ынта (тапсырманың контексіне толық кіргізеді,орындауға мүдде туғызады)
Сіздің күшігіңіз жоғалып кетті
Есептің тұжырамдамасы
Мәтінді пішімдеудегі әріптерді пайдаланып, күшігіңіздің жоғалып кеткені жайлы хабарландыру жазыңыз
Ақпарат
(тапсырманы орындауға)
«Хабарландыру» деген сөзден бастаңыз, үлкенірек етіп жазыңыз;
Күшігіңізге қысқаша сипаттама беріп кетіңіз: өлшемі, түсі, жүнінің ұзындығы, породасы. Мысалы, ротвейлер - ірі ит. Қара түсті, құлақтары салбыраған т.б.
Телефон нөміріңізді ұмытпаңыз;
Көзге бірден ерекше түсетін белгілерін жазыңыз. Мысалы: қысқа құйрықты, құлақтары кесілген, күшігіңіздің аты;
Үйіңіздің мекен-жайын жазбаңыз, себебі ол қауіпті болуы мүмкін.