№12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА СУРЕТ ПӘНІНЕН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазіргі психологиялық –педагогикалық  ғылымдарда, кез келген білім беру жүйесінде оқыту тек жеке тұлғаның  білім алуының негізгі шарты немесе тәсілі ретінде ғана қаралмайды, ол оның дамуының  алғышарты болуы тиіс деп есептелінеді. Оқыту тұлғаны анықтайтын басты фактор болып табылады, үйткені дәл осы оқытудың барысында психикалық және тұлғалық өзгерістер болады, оқу-танымдық әрекет, зерттеу әрекеті сияқты  түрлі әрекет түрлерінен тәжірибе жинақталады. Мұнда сондай-ақ ұжымдық  іс-әрекет және қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасады, өз бетімен жұмыс істеу және өз ісіне тиісті баға беру қабілеті дамиды, яғни тұлға әлеуметтік өмірге бейімделеді.12 жылдықты көркем сөзге,суретке дербес шығармашылықіс-әрекетке деген ерекше сезімталдығын ескере отырып, «Өнер» және «Техналогия» білім беру салаларын кіріктіру қарастырылады.Бейнелеу өнері және Техналогия оқу курстары енгізіледі.Бұл блокқа  «Бейнелеу өнері»,         «Музыкалық өнер»,оқу пәндері енгізілген.Оқытудың осы деңгейінде өнер түрлерінің ерекшеліктерін аша түсу,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жалғастырылады.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында «дамытушы» және «проблемалы» оқыту идеяларының ықпалымен қол еңбегіне үйрету барысында орта буын сынып оқушыларын дамыту мәселесін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыратын  тұжырымдамалар мен әдістемелік жүйелер қалыптасуда.

12 жылдық білім беруге көшу:

-жалпы орта білімнің сапасы;

-отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

-балалардың денсаулығын сақтау;

Оқыту даралап, бейімдеп оқытуға жағдай жасау қажеттілігінен туындаған. Бейімдеп оқытудың негізгі міндеті тереңдете оқыту, кәсіптік қызығушылығын арттыру.

Ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің  деңгейіне, даму бағытына байланысты.

12 жылдық оқуға көшу жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің біліктілігі, білімі қандай?

 

Бұл 12 жылдық арқылы әлемдік стандарт деңгейіне сапалы білім беру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.68 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 118

Похожие материалы