Здесь была ссылка на работу 2-сынып. Қазақ тілі. «Жұрнақ пен жалғау» автора Исаева Жанар Турдыбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. 292-296 жаттығу Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып, олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру. 2. Қисынды ойлау, алған білім , білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту. 3. Еркін сөйлеуге, бір-бірін сыйлауға, үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, талдау, жинақтау. Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. -Сабаққа назарын аудару -Кезекші мәліметі Психологиялық дайындық. Сыныпта біздің тыныштық, Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де қоштаймыз Кешіккенді тоспаймыз Күнделікті қызықты Кезекті сабағымызды бастаймыз. Дәптерге күннің жадысын жаздыру, көркем жазу - Ү ү, Ұ ұ әріптері - Балалар біздің өткен таұырыптарымыз қосымша, жұрнақ, жалғау тақырыптары. Осы сөздер жөнінде мен балаларға тақпақ берген болатынмын.