5-сынып. Математика. Жай бөлшектер. Үлестер.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Зимолдина Роза Кайырбековна
|
Білімділік: оқушыларға бөлшек сандар, үлестер, жай бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінік беру, жай бөлшектерді оқуға және жаза білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, жеке тапсырмалар, интерактивті тақта, презентация, оқулықтағы фигуралар.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу.
Күтілетін нәтижелер: оқушылар бөлшек сандарды, үлестерді, бөлшектің алымын мен бөлімін түсінеді, жай бөлшектерді оқиды және жаза алады.
Балалар, сендер натурал сандарды білесіңдер. Натурал сандардан басқа ұзындықты, массаны, уақытты өлшеу үшін бөлшек сандар деп аталатын жаңа сандар енгізілген.
Интерактивті тақтадағы экранда дөңгелек тең төрт бөлікке бөлінген.
Мұндай тең бөліктер үлес деп аталады. деп жаза аламыз. Төрттен бір деп оқимыз.
Келесі слайдта қарбыз бірнеше бөлікке бөлінген. Қане, кім айтады, қанша бөлікке бөлінген екен?
«Алтыдан бір» бөлікке бөлінген. Жарайсыңдар, шешімі дұрыс. Балалар, міне осы өрнектелген бөліктер жай бөлшекті білдіреді. Үлестер тең бөліктер болғандықтан, «үлес» деген ұғымды «бөлік» деп те атайды.
Жай бөлшекті: , деп жазамыз, мұндағы а – алымы, b – бөлімі. Жай бөлшектің жазылуындағы “ - ” сызық бөлшек сызығы. Бөліміндегі сан неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Ал алымындағы сан неше үлестің алынғанын көрсетеді.
0 саны кез келген жай бөлшектің алымы болады, бірақ бөлімі бола алмайды. Өйткені, санды нөлге бөлуге болмайды.
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан шығыс септігінде оқылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 329.28 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |