Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар»

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Барысы:
1. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
2. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау

 жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жазда
Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер

 жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
Сіздерді әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. Бостанова М.
2. Юсупова З.
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді

 «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
жүргізуші: бүгінгі сайысымыз неге Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар деп аталады?

жүргізуші: Өйткені, сайысқа қатысушы әрбір адам, бірнеше сайыскерлермен жарыса отырып, мәреге ең бірінші болып жетуді көздейді. Бүгінгі біздің сайысымызға қатысушылар да «мен жеңімпаз боламын» деген мақсатпен математикалық сайысымызға қатысуға ынтасын білдірді. Олай болса, нағыз білімді жас мәреге жетеді деп ойлаймын!
жүргізуші: Демек, біз бүгін математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысады екенбіз ғой?
жүргізуші: Ия, біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
жүргізуші: Ал енді, бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Таныстыру, бәйге, жеті жұмбақ, тіл - өнер, көкпар, жорға және жекпе-жек. «Бәйге» кезеңінен кейін ең аз ұпай жинаған 2 оқушы, «Жеті жұмбақ» кезеңінен кейін де ең аз ұпай жинаған 2 оқушы, «Тіл – өнер» кезеңінен кейін де 2 оқушы, «Көкпар» кезеңінен кейін де, «Жорға» кезеңінен кейін де 2 оқушы ойыннан шығып отырады. Сонда «Жекпе-жек» кезеңіне 2 оқушы қалады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 55 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 97

Похожие материалы