М. Жұмабаев "Қысқы жолда"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Садуова Гульнур Қабденовна
|
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Қысқы жолда»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау, өлеңнің, сөздің астарына, қыр – сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да айшықты тілмен сөһйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Білім тексеру:
М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша іздену жұмыстары.
· Мағжан кім?
· Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
· Оқыған жері.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
· «Қысқы жолда өлеңін мәнерлеп оқу.
· Түсінік беру.
· Мәтінмен жұмыс.
VІ. Түсінік тексеру:
Өлеңді сатылай кешенді талдау:
«Қысқы жолда»
Өлең.
5 шумақ.
21 тармақ
8 бунақ
7-8 буын
Аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)
а) Эпитет «Құлағын қайшыландырып»
ә) Кейіптеу.
«Екі иінінен дем алып», «Сақ – сақ күледі, долданып», «кебін жамылып», «екі санын шапақтап».
Б) Теңеу: «Аңдай ұлып»
9) Қаракөк – аттың аты.
10) Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға
қауіпті екендігін білдіреді.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
· «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?
· Қазір жылдың қай мезгілі?
· Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
2.Венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Өлеңді жаттау.
2. Қыс туралы әңгіме жазу, сурет салу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.03 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |