«ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Калдаулетова Айгерим Максатовна
|
«ӘМІРШІ САНДАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КЕШ
Мақсаты:
1.Ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу;
2.Өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың қасиетті сандарының сырын ашу;
3. Математикаға деген қызығушылығын , ынтасын арттыру.
Көрнекілігі: Слайд, плакаттарға жазылған нақыл сөздер,безендірілген зал
1-жүргізуші: Армысыздар!Құрметті менің достарым және ұстаздарым! Бүгін бізде естен кетпес ерекше күн болғалы тұр.
2-жүргізуші:
Көрер көзге мөлдіреген моншақтай,
Өтіп кетер студенттік сол шақтар-демекші осындай жалындаған жастық шағымызда қызықты да , қылықты , көңілді етіп өткізу қандай керемет десеңші!
1-жүргізуші:Әрине,Есболат
Ал ұстаздар тамсанады әліде,
Осы күнді айтып жас пен кәріге.
Осының барлығы түптеп келгенде ұстаздардың бізге берген білімдерінің ең тәтті жемістерінің бірі деп айтуға болады.
2-жүргізуші:Ендеше достарымызды жерде емес басқа бір ғаламшада жүргендей сезіндірейік.
1-жүргізуші:Олай болса бүгінгі «Әмірші сандар» атты математикалық танымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Шамшырақтай жарық беріп,
Көңілді ғой достарымның жанары,
Олай болса әрмен қарай жалғайық,
Мамандықты жырлаудан еш талмайық,
2-жүргізуші:
Математика құралады былайша,
Еселігі М-нің де, еселігі Т-ның да,
Үш еселі А-да бар, тек бір – бірден
Е,И,К-ларың. Ойлан тапшы!!!
Ол дегенің –ғылымдардың патшасы,
Ерекше оның өрнектелген тақтасы.
1-жүргізуші:Ия, айта берсек шексіз. Ие мамандықтың бірі ғой шіркін! Қазақ халқы ертеден мақтауды жақсы көрген ғой. «Әмірші сандар» деген ғаламшардың есігін ашайықта, ішінен керемет-керемет жаңалықтарын мына отырған достармызға шашайық.
2-жүргізуші:Олай болса сандар патшалығына ат басын бұрып, әр санның төріне отырып, қонақ болып араламаймыз ба?
1-жүргізуші: Араласақ, аралайық!
2-жүргізуші:
Қазақ халқы қонақ бол деп қинайды
Қонақтарын құдайындай сыйлайды, -демекші әрбір санның бізге берер құрмет, қошеметіне бөленейік. Әр санның үлкен кішілігіне қарап емес, оның түбіне үңіліп қарайтын болсақ, әр санда ерекше бір қасиет, тылсым күш бар.
1-жүргізуші:Табалдырықтан аттамас бұрын мынау алты қанат ақ орданың Шаңырағында бір сыр ашылмай құпияланып тұрғандай сияқты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 820.24 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |