Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: "Қызықты сағат"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахметова Дина Елтаевна
|
Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 7-8 сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
Жүргізуші:- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңыз да «Қызықты сағат» ойын - сауық кешіне қош келдіңіздер!
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғылым демей кім деп оны айтарсың
Даналықтан мұра қалған өнерден.
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын. – дей келе бүгінгі ойынқатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
- Ойынды бастайық!!!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.02 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |