7 сыныпқа арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспар, "Жол және орын ауыстыру"
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аккалиева Лайля Маратовна
|
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта
мектептің математика және физика
пәнінің 2 санатты мұғалімі
Аккалиева Лайля Маратовна
Жол және орын ауыстыру
Күні: 17.11.14
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың аты: §23.Жол және орынауыстыру
Сілтеме : Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, Алматы «Атамұра» 2012 жыл, 237 бет
Жоспар:
Жалпы мақсаты:
Ø Жол және орын ауыстыру жайлы мағлұмат беру
Ø Жол және орын ауыстыруды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже:
Ø Жол және орын ауыстыру жайлы мағлұмат алады
Ø Жол және орын ауыстыруды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Ø Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Ресурстар: Флипчарт, қағаздар, стикерлер, рубрикаторлар
Тапсырмалар:
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс. «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3.Түгелдеу
1.4. Топқа бөлу (Жылдың Үш мезгілі бойынша сынып үш топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут) «Уақыт шеңбері» әдісін пайдалану
1. Материялық нүкте деген не?
2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут) Бейнематериал көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1. Орын ауыстыру деп нені айтады?
2. Жүрілген жол дегеніміз не?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут) Психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі («Атом мен молекулалар») Жылдың Үш мезгілі бойынша сынып үш топқа бөлінеді. Үш топқа осы тақырып бойынша постер қорғатып, ең әдемі постерге дауыс беру. Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Табыс критерийлері
Дескриптор
Лейблдер
Сабақты жақсы түсініп, меңгеруі
Есептерді өз бетімен есептеп шығаруы
Толық түсінді
Толық емес түсінді
Мүлдем түсінбеді
Толық есептеді
Толық емес есептеді
Мүлдем есеп шығармады.
0 – мүлдем қатыспады
1 – ауызша есепті орындады
2 – ауызша есеппен бірге оқулықтағы есептерді орындады
3 – барлық есепті шығарды
Оқушының аты - жөні
Постер қорғау
Өлең шығару
Ертегі құру
Тест жұмысы
«Ыстық орындық»
Қорытынды бағасы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
1. 6 метр биіктіктен түскен доп Жерге тиіп 3 метр биіктікке көтерілгендегі жол және орын ауыстыруын есептеңдер? Геометриялық сызу арқылы суреттеңдер?
Жеке оқушылардың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
Білу
Орын ауыстыру дегеніміз не?
2
Түсіну
Орын ауыстыруға мысал келтір?
3
Қолдану
Мектептегі физика кабинетінен мен тарих кабинетіне дейін жол мен орын ауыстыруды суретте?
4
Талдау
Жүрілген жол мен орын ауыстыруды салыстыр?
5
Жинақтау
Самалет солтүстікке қарай 3 км, содан соң шығысқа қарай 4 км, содан соң 5 км бастапқы орына қайта келді. Самалеттің жүрілген жол мен орын ауыстыруын табыңдар ?
6
Бағалау
Дененің орын ауыстыруының бағытталуының маңызы неде?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Эссе жазу
Кейінгі оқу
§23Жол және орынауыстыру
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.37 Mb |
Количество скачиваний: | 22 |