Адам болам десеңіз
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Табаракова Балжан Зинеттулаевна
|
Здесь была ссылка на работу Адам болам десеңіз автора Табаракова Балжан Зинеттулаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
А. Құнанбаев «Адам болам десеңіз» Абайдың қара сөзінен Сабақтың мақсаты: 1) Абайдың ұлы кемеңгер ақын екенін түсіндіру, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы атақты 'дара' ақын болғанын білу, Абайдың өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. 2) Жаман қасиеттер: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер малшашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға, ойын дәлелдеуге баулу. 3) Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету. Сабақтың түрі: Модульдік (қайталау) сабағы Сабақтың әдістері: ‘‘Семинарлық сабақ’’ оқыта үйрету ойыны, сұрақ - жауап, топтастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, шығармалар көрмесі, суреттер, презентация. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Ұлы Абайдай кең жүрек Ақын болғым келеді. Жетпіс өнер меңгерген Дарын болғым келеді. Бүгінгі келген қонақтарға Иіліп сәлем бергім келеді. 2. Топтастыру әдісі (интерактивті тақтада жұмыс жүргізу) 3. Кіріспе сөз. Слайдтар көрсету. «Абай - дана, Абай - дара қазақта», «Дана» дейтін себебіміз, ол ел - жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу - білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер малшашпақ сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған молдасымақтарды, би - болыстарды өлеңімен қатты шенеген. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың болуы. Сондықтан кітапты теріс оқыған молдаларды сынаған. Білімі таяз қажы - молдалар Абаймен кездесуге де қаймыққан, қорыққан. Ақылды Абай жастарды оқу - білімге шақырған. Енді ақынның өмірі туралы семинарлық сабаққа хабарламаны дайындаған оқушыларға сөз кезегін беремін. 4. Модульдік технологиядан «Семинарлық сабақ» оқыта үйрету ойыны Сұрақтар: 1) Абайдың өміріне шолу, 2) Абайдың атасы, 3) Абайдың әкесі, 4) Абайдың шешесі, 5) Хат тануы, 6) Қай кезде өмір сүрсе атақты би атанар еді?, 7) Қандай тілдерді білді?, 8) Абайдың біліктілігі, 9) Сықақ өлеңдері 10) Өнерге бет бұруына себепкерлер кім?, 11) Абай - аудармашы, 12) Оқуға шығарған қаржысы, 13) Абайдың қайғысы, соңғы күндері, 14) Абайдың елі 15) Елінің әсері, 16) Абайды тану, 17) Абайдың үгіттері, 18) Абай - өз заманының айнасы, 19) Абай - өшпейтін жарық жұлдыз Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы жарық көрген. Биыл 102 жыл - 1 ғасыр 2 жыл 5. Қорытынды жасау, алғыс білдіру. Ұпайларын санау. 6. «Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың» - жатқа оқу. 7. Мағжан Жұмабаев «Қарағым»- жатқа оқу. Екі ақында оқуға, білім алуға шақырған. Сондықтан да дана Абайға өз жерлесіміз, бабамыз Мағжан Жұмабаевтың «Атақты ақын сөзі алтын хакім Абайға» өлеңінен үзінді оқып берейін. Жүрген жанның артында ізі қалар, Етікші өлсе, балға мен бізі қалар. Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар, Шешен өлсе, артында сөзі қалар!- демекші Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша үзіндіден – сахналық көрініс.(Абайдың білімге құштарлығы) 8. 9. Сергіту сәті. 10. ІІІ орталыққа бөлу І орталық «Оқу орталығы» ІІ орталық « Жазу орталығы» ІІІ орталық «Шығармашылық орталық» Т а п с ы р м а л а р І орталық (Өлеңді мәнерлеп оқу - Абайдың қара сөзінен - 198 бет, талдау) ІІ орталық (Бес асыл іс, бес дұшпанды санамалап жазу, түсіндіру - мақал – мәтел жазу және қорғау) Рақым - адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы. Қанағат - барға риза болу. Бекер мал шашу - қолда бар дүниесін, ақшасын, мал - мүлкін дұрыс пайдалана алмау. Ғалым - оқымысты, ғұлама І І І орталық «Мен қалай жақсы адам боламын» деген тақырыпқа шығарма жазу және тапсырманы бірінші орындағандар авторлық орындыққа ие болып, өз ойын бәрінің алдында оқып береді. Абай атамыз айтқан екен: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ыстық қайрат - бұл еңбек, егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол. Нұрлы ақыл - сенің ақылыңның нұрынан басқалар шуақ алу керек. Жылы жүрек - бұл қайырымдылық Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам боламыз. 11. Сұрақтарға жауап беру. Қара сөздер айту. 1. Бала тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан - Ана 2. Атаның баласы болма...- Адамның баласы бол 3. Үш қуаныш не? (Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісінің өшпеуі) 4. Әдепті бала - арлы бала..- Әдепсіз бала сорлы бала 5. Жеті қазына не? (Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы) 6. Балапан ұяда не көрсе...- ұшқанда соны іледі 7. Бес анық не? (Тіл, дін, дәстүр, тарих, атамекен) 8. Үш парыз не? (Ата - ана алдындағы, ұстаз алдындағы, көрші алдындағы) 12. Интерактивті тақтада жазу (Мен қандай адам болуым керек?)- 13. Қорытындылау
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
19.54 Kb
|
Количество скачиваний:
|
67
|
Просмотров: 295
Похожие материалы