«Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» кіріктірілген таңдау курсының бағдарламасы (авторлық) 8-9-сыныптар Атырау қаласы №10 орта мектеп

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

    «Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» атты кіріктірілген курс өзін - өзі тану, биология, химия  және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жүзеге асырылады. Аталған таңдау курсы 34 сағатқа негізделіп 8-9 cыныптарға арналған. Курс өзін-өзі тану, биология, қазақ әдебиеті пәндерінің Қазақстан республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізге алып құрастырылды.           «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен ізгілендіру (кіріктіру, интеграция) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерінің ғылыми негіздеуінде ғалымдардың пайымдауынша, рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігін ізгілендіру құралына  айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін  күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының  негізінде  бүкіл білім беру ісі, оқу-тәрбие үдерісі рухани-адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы  жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер мен гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі, әдебиетін кіріктіріп  оқыту барысында  және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.                                                                                                                   Биологиядан адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасын  адам ағзасына тән жүйелерді (жүйке, тірек-қимыл, ас қорыту, тыныс алу, қан айналым т.б.) өту барысында жүйелерге тән ауру түрлері және оларды алдын алуды қарастырғанда салауатты өмір сүру үшін адам бойында жақсы қасиеттер, рухани құндылықтардың болуы адамның ауруды алдын алуына себептердің бірі болып табылады. Қоғамдағы ең басты құндылық – адам. Ал адам құндылығы –денсаулық. Адам толық қанды өмір сүру үшін ең қажетті –адам денсаулығы. Дені сау адам ғана  қоғамға пайдалы өз үлесін қосуды мақсат етіп қояды. Курсты өту барысында оқушыларға  адамның ауруға шалдығу себептерін: зат алмасудың бұзылуы, дұрыс тамақтанбау, экологиялық жағдайлар, жүйкенің тозуы (cтресс),  тұқымқуалау аурулары, ағзаға зиянды заттарды (ішімдік, темекі т.б.) пайдаланумен қатар адам бойындағы теріс қасиеттер – қызғаншақтық, сараңдық, көрсеқызарлық, ашуланшақтық, ызақорлық т.б.адамның ішкі мүшелердің сырқаттануына әкеліп соғары сөзсіз.  Сонымен қатар ұзақ өмір сүрудің кепілдіктерінің (себептерінің) бірі – еңбекқорлық. Соның ішінде өз жұмысына қызығушылықпен, жауапкершілікпен қарай отырып, жоғары нәтижеге жетуді көздеу. Сабақты өткізу барысында денсаулық сақтау технологиясы, жобалау, сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық –компьютерлік технология орнымен тиімді пайдалану кеңінен жүзеге асырылады.

Осы курс арқылы акмеология  – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтары зерттейтіндігін және жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған адамның жоғары дәрежеде дамуы жөнінде ғылым екендігіне көз жеткізу. Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, болашақта баланың өздігінен білім алуына, өзін-өзі түзетуіне, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігін ашып, дамытуды  осы кіріктірілген курс арқылы жүзеге асыруға болатынына ықпал ету.Себебі баланың жас кезінен өзін-өзі реттеп, алған білім, білік, іскерлігі оның даму жолындағы алға қойған мақсаттарына жетуіне қажет екендігі сөзсіз. Сабақта теориялық және практикалық білімдерді меңгертуде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әлемдік мәдениет жетістіктері ескеріліп жүзеге асырылады. Сол себепті осы таңдау курсы арқылы оқушылар адамгершілік қасиеттер адамды жақсылыққа итермелейтінін және тән мен жанның тазалығы қатар жүргенде ғана адамның табиғатпен үйлесімділігінің арқасында ұзақ, әрі салауатты өмір сүруге болатындығын дәлелдеу. Қоғамдағы мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы  шығармашылық қарым-қатынасты жандандыру. Рухқа деген махабатты қалыптастырып, дамыту.                                                                                                              Бұл курс 34 сағатқа негізделген.                                                           Өткізілетін курстың жаңалығы:

Жаратылыстану және өзін-өзі тану пәндерін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыға рухани адамгершілік білім мен тәрбиені қалыптастырып дамытуда жүйелі, бірізділікпен, үйлесімді, тағылымды теориялық білімдерінің рухани биікке жетулеріне ықпал етіп, алған білім, тағылымдарын  өмірде қолдануларына бағыт беру. Оқушыларға акмеология ғылымының негізін беріп, болашақта жетістіктерге, білім мен ғылымның шыңына жету үшін рухани құндылықтардың бірі – еңбекқорлыққа баулу.                                                                           

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 9.7 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 88

Похожие материалы