Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
7 сыныпта өткен Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» сабағы туралы ой түйін Ой түйінді жасаған:  Карменова Бахытжамал Базылрахмановна Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран»  өлеңі мазмұны мен идеясы жағынан 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, адами қасиеттерге тәрбиелейтін, патриоттық рух беретін кесек те сыршыл шығарма. Баллада жанрындағы бұл туындыны оқыту, «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өткен» қыранның бейнесін шәкірттеріммен сабақта талдау өзіме де шалқар шабыт, таусылмас ләззәт сыйлады. Ақын өлеңдеріндегі рухани кеңдік, көркем суреттер, символдық мәнге айналған қыран құстың қайтпас қайсар өр мінезі, оның  биіктік пен еркіндікте ғана өмір сүруге бейімделген қасиеті оқушыларымды ерекше әсерге бөледі.      «Символ» ұғымы түсіндіріліп, қазақ халқына тән рухты қасиетпен салыстыра отырып, қыран құстың мықтылық, қайсарлық, еркіндік, тәуелсіздіктің «символы» екендігіне көздері жетті. Қазақ – қыраннан қырағылық пен ептілікті, өрлік пен намысшылдықты бойына сіңірген халық. Қазақстан Республикасының Туындағы қыран бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген.     Сабақтың жоспарын құрғанда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын басшылыққа алдым. Топпен, жұппен, ұжымда жұмыс түрлерін ұйымдастыру  арқылы оқушыларыма өлеңнің танымдық сипатын, құрылымын өздері байқап, түсіне алатындай нәтижеге жеткізуге тырыстым. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады: 1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 3. Топтарының сұрақтарына жауап береді. 4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды. 5. Қорытынды шығарады. Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы. Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының  «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деген тамаша сөздері бар. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында “Блиц-сұрақтар” стратегиясын жүргізіп, негізгі ойды шапшаң, дәл айтып беру арқылы  оқушының білім деңгейін қадағаладым. Жаңа сабақты бастар алдында ”Қазақтың Қадыры” атты бейнефильммен  қызығушылықтарын арттырып, жаңа сабаққа көпір жасап, тақырыппен байланыстыра  жаңа сабақтың атауын өздеріне шығарттым. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.  “Мағынаны тану” кезеңінде “Миға шабуыл” стратегиясымен  шығарманың идеясы мен көркемдік маңызын ашуды  әр топқа постерлер қорғату арқылы жүзеге асырдым. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, (бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған). “Түртіп алу кестесі” бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығарды. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – салыстыру. Мұнда “Венн” диаграммасының көмегімен оқушылар қазақ халқы мен қыран құстың  ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге талпынады. “Ой түйін” кезеңінде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “5 жолды өлең” немес “5 минуттық эссе” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.     Әдебиет сабағының күре тамыры – көркем мәтінмен жұмыс жасау. Оның ерекшелігі сол – ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына, толғануына, пікір айтуына ықпал жасадым. Сөз құдіретін баяндау, түсіндіру жолымен емес, ондай інжу-маржанды оқушының өзіне таптыру, сөзбен жұмыс істей алуға, мазмұнын игерту барысында жанды байланыста болу, логикалық ойын жеткізуде ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты жұмыстарға баса назар аудардым. Шығармашылық жұмыстарды (пікір алмасу, кейіпкерге өзінше сипаттама беру, екі бейнені салыстырып пікір айту) орындатып, ой қорытындыларын жасаттым. 
Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 25.48 Kb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 191

Похожие материалы