«Алдын алсаң, армайсың» тәрбие сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:  білімділік:    Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру;   дамытушылық:   оқушылардың өмірге, әсіресе  адамзат ұрпағына деген аяушылық  сезімін, аурудың алдын алуды үйрету. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.  тәрбиелілік:  Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде » мақалын негізге ала отырып, оқушы бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыру, адамгершілікке , инабаттылыққа, ел жандылыққа баули отырып Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, сызбалар, буклет, реферат.
Сабақтың түрі:  Баспасөз-конференция сабағы.

Дайындық барысы:     

            Оқушыларға тақырыпқа сай  материалдарды оқып жинастыру және  «Темекінің зияны» , «Ішімдіктің зияны» , «Нашақорлықтың адам өміріне зияны» , «СПИД ғасыр дерті» атты реферат пен буклеттер жасау, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, залды безендіру жұмыстарын тапсыру.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз. (мұғалім)

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық   адамның ең қасиетті де құнды , қайталанбас , жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық экологиялық жағдай және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы басқа.

Жас жеткіншек  талшыбық секілді иілгіш , жел қайда соқса  сол жаққа  қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз , бұзақы  болуын қалайды? Әйтсе де , жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әдеттер туралы әңгіме  жүргізейік.

 

Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың жүргізушісі Жұбанова Ақдана. Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді.Ендігі сөз кезегін жүргізушіге береміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.29 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 100

Похожие материалы