"Алтын күз" балалар сайысы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ермекбаева Нургуль Адайбаевна
|
«Алтын күз»
Мақсаты: Бақшамызда өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз шаттық, күз-қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Табиғи материалдардың өмірге қажеттілігін және оны қолдану жолдарын үйрету. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа дағдыландыру, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Көрмеге балалардың аналарымен жасаған жұмыстары қойылады. Әділ-қазылар тағайындалады.
1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, және «Айгөлек» шағын орталығының бүлдіршіндері! «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер.
2 жүргізуші: Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын.
Нұрислам : Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Көркем : Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Бейбарыс: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ерқанат: Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Қ.Индира: Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда
Бақдәулет: Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
1 жүргізуші: Келесі өнер көрсететін шағын орталығымыздың кішкентай бүлдіршіндерінің орындауында «Құстар» вальсі.
2 жүргізуші: Күз мерекесіне арналған «Мақта қыз» ертегісінің қойылымын көріңіздер.
Аруна:Қарашы,күз келді,күз келді.
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді.
Көңілсіз еткен күз енеді
Айлуна: Санай бер,
Қарай бер
Бояуы жүз
Келді күз.
Нұралы: Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берді көп өніс.
Әсель: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Жаннұр: Алтын,сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады атырап.
Айсұлу: Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ
Ерлан: Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
1 жүргізуші: Суретшілер, ақын-жазушылар, компазиторлар өз ойларын әр түрлі жолдармен түсіндіреді. Әрбір суретші күз мезгілін қылқаламдармен әр түрлі сурет салу арқылы бейнелейді,. Ал ақын-жазушылар өз ойларын өлең жолдарымен жазады. Компазиторлар өздерінің күз мезгілі туралы ойларын музыка арқылы жеткізеді. Бүгінгі біздің «Алтын күз» мерекемізде күз туралы ойларын ата-аналар мен балаларымыз қалай жеткізе білді екен? Ата-аналар мен балалардың жұмыстарымен таныстыра кетсек.
Жасалған жұмыстарды бағалауды әділ-қазыларға тапсырамыз. Әділ шешім қабылдап, бағасын бергенше ортада әсем қыздарымыздың орындауында «Жапырақтар» биін тамашалаңыздар.
Нұрасыл: Алма, өрік қамбаларға, Толтырды әкеп алтын күз. Шәкірт болып парталарға, Отырды келіп алтын күз.
Инабат: Бұлт болып та Алатауға, Байланыпты алтын күз. Дастарханда таба нанға, Айналыпты алтын күз.
Шыңғыс: Үйрек-үйрек, қаздары, Шулайды көл қоғалы. Дәурен өтіп жаздағы, Күздің желі соғады.
Индира: Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.
Сандуғаш: Ұшты талдан жапырақ, Сары көбелек секілді. Аспанда жай шатырлап, Тамшы жерде секірді.
2 жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арналған бүлдіршіндеріміздің өнерлері осындай, келесі кезекті әділқазыларға береміз. 3 орын – 2 орын – 1 орын – Бас жүлде –
Жүлделеріңіз құтты болсын. Жеңісті күндерде кездескенше сау болыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.86 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |