Ғалымбек Әбілқайыр шығармашылығы

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Бұл ғылыми мақалада Торғай өңірінің ақыны Ғалымбек Әбілқайыр шығармашылығы туралы сөз болады.Жаны, жүрегі, қиялы күні -түні тыным  көрмей,  кейде найзағайдай  шатырлап,  күндей  күркіреп, буырқана теңселіп, дәмін  тұзын еңсеріп, елін егіле  сүйген  ақын – Ғалымбек  Әбілқайырұлы.               Ғалымбек  ақын  жырларына көз жүгіртсеңіз қамшы  салдыра бермес асау ырғақтар, қайшы салдыруға көнбес образдар  жүйесі, өмірі  мықты өмірлік шындықтың бейнелі де  бедерлі  сәттері шыншыл муза мен  шынайы лириканың  қайталанбас  қалпы сізді баурап,жадылап алады. Ақын жыры мұндайда алпыс екі тамырыңызды кезіп, бой бойыңызды қуалап, қуану мен шаттанудың, қайғыру мен мұнаюдың, арылу мен тазарудың, ырғақ  пен ұйқас билігіне кінаратсыз бағынған, ой  мен сезім жетегіне көзсіз ерген жан  тебіренісінің ғажайып үлгілерін  жасайды.             2005 жылы  «Жазушы»  баспасынан  ақынның  тұңғыш  өлеңдер  жинағы жарық  көреді. Бұл жинақ – ақынның  жастық  шағынан  жігіт ағасына айналған  шағына  дейінгі көзі көрген, көңіліне  түйген өлеңдерінің куәсі іспетті. Бұл – көңілдің көктемі құлпырғанда  ақ  қағаз бетіне  түскен жырлардың  жинағы.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 48.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 124

Похожие материалы