Ана тілі Әлия

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Атырау облысы

Атырау қаласы

Амангелді атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Калиева Актоты Хайсаевна

Сабақтың тақырыбы: Әлия

Мақсаты: Кеңес Одағының батыры, батыр қыз Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алу. Оқушыларға батырлық, ерлік туралы түсінік беру, сұрапыл соғыстың қасіреті мен бейбіт күннің бағасын ұғындыру. Отан үшін жан қиған батырлардан үлгі алуға, оларды кұрметтеуге шақыру.

Тәрбиелігі: Елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық тәрбиеге баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Ахуал атмосферасы

Көк байрақтың астында

Жайнап өскен баламыз.

Отан үшін күрескен

Батырлардай боламыз.

Бұл өлең мазмұнынан не аңғардыңдар?

Кімдер туралы айтылған өлең?(Батырлар)

Батырлар дегеніміз кімдер? Соғыстағы және бейбіт өмірдегі ерлік көрсеткен ерлер. Батырлық – ерлік. Ролик кетеді.

Біздің елде Әлия есімі – еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейін үлгі болған аңызға айналған ұғым. Бүгін біз 19 жыл ғана өмір сүріп ғасырларға жетерлік ерлік жасаған Әлияның қамшының сабындай ғұмыры туралы сөз етіп, еске алмақпыз.

Бүгінгі күннің жадысын жазайық.

Сәуірдің 29-ы Қазақ халқының ақыны

Сағи Жиенбаевтың өлеңі Әлия

Сағи Жиенбаевтың өмірі

1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 366 мың адам аттанды. Соғысқа Алматыда жасақталған 28 панфиловшылар дивизиясы қатысты, оның 22-сі қазақстандықтар. 1945 жылы 30 сәуірде рейхстагқа Рақымжан Қошқарбаев ту тікті. 1945 жылы 9 мамырда Жеңіс күні 30 дүркін салют атылды.

Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс

1.Мұғалімнің Сағи Жиенбаевтың “Әлия” өлеңін мәнерлеп жатқа айтуы.

2.Ақынның “Әлия” өлеңін мәнерлеп оқушыларға оқыту

Топпен жұмыс

I-топ

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл – балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

1-шумақта ақын Әлияның ерлігін қалай суреттеген?

(Балауса гүлге, балғын қызға халқы үшін жанын қиған ақ жұлдызға теңейді.)

II-топ

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

2-ші шумақта Әлия бейнесі қалай суреттелген? (Әлияға таулардан биік мәрмәрдан ескерткіш орнатылған)

III- топ

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Ауасында жүрсің сен –

Әнге қосып жүр елің.

3-ші шумақта Әлия ерлігін еліміз мәңгі әнге қосып есте сақтайды.

Сөздік жұмыс

Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас

Дәптермен жұмыс

Әлия Молдағұлова- Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

Топпен жұмыс

1 топ

Әлияның өмірі

2-топ

Әлияның ерлігі

3-топ

Ерлік туралы мақал-мәтелдер

Қорытынды

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсін

Қыз қолында гүл жүрсін.

Үйге тапсырма

1-топ Әлия өлеңін жаттау

2-топ Әлия туралы эссе жазу

3-топ Ұлы Жеңіске-70 жылға байланысты сурет салу

- Балалар қандай ерекшелік байқап отырсыңдар?

- Әскери киім

- Дұрыс ақ

Әлия мен Мәншуктен батыр қыздардың батырлығын, қайсарлығын бойымызға жиып, елі үшін, халқы үшін жасаған ерліктерін, ұрпақтарға жалғастырып, есімдерін халық жадында мәңгі сақтап жүрсек деген ниетпен киюді ұйғардым. Осындай әскери киімді бейбіт заманда да киіп жүрейік.

Бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.83 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 123

Похожие материалы