Здесь была ссылка на работу «Армысың алтын күз» күзгі балл кеші автора Маханбетова Қымбат Мұсақызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: Арайлы Алтын күз! Өтетін орны: Мектеп акт залы Өтетін уақыты: 26.10.2013жыл. (Әр сыныптан ханша мен ханзада қатысады) 9 сыныптың қатысушы жұптары вальс биін билейді. Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Арайлы «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер! Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге « Күрең күз » әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші:Уа, халайық халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Кешімізді бастайық! Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық . 1. «Күрең күз» 11-сынып 2. «Күзгі шуақ» 10-сынып 3. «Арайлы алтын күз» 9-сынып ( Сайыскерлер ортаға шығады) Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін. Әділ қазылар алқасы: 1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Айпейсова 2. Тарих және география пәнінің мұғалімі М. Исахаев 3. Информатика пәнінің мұғалімі Н. Мырзабекова 4. Музыка пәнінің мұғалімі М. Өтегенов 5. Технология пәнінің мұғалімі Т. Қалиева Жоспар 1.Таныстыру 2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия) 3 Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау) 4. Сән үлгісі. 5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау) 6.Ойын 7. «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі) 8.Ханшайым мен ханзада 9. Қорытынды