Здесь была ссылка на работу Қашықтықтан оқыту - заман талабы автора Тастанбеков Өркен Әзімханұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Адамзат баласы XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болуы, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуіді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі», мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу» әр адамның өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді. XXI ғасырдағы білім беру нарығының негізгі талабы – ол үздіксіз жаңа біліммен және икемділікпен қаруландыру болып табылады. Бұл жағдайда қашықтан оқыту мамандардың білімін өте қысқа мерзімде өздерінің таңдауы бойынша күндіз немесе сырттай көтеруіне мүмкіндік береді. Мұнда жеделдетіп оқыту процесі де жүзеге асырылады. Осы аталған процестер оқытудың “жеке траекториясы” жобасын жасақтауға келтіріп отыр.