Аттестаттау парағы Айткалиева Баян Сабыргалиевна.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айткалиева Баян Сабыргалиевна
|
Айткалиева Баян Сабыргаливна«Жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.»атты өзінің әдістемелік тақырыбын ашу мақсатында оқушылардыңөз бетінше жұмыс жасауына дағдыландырып, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына, заманауи дәрежеде білім-білік дағдыларын игеріп, оны өмірде қолдана алуы үшін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білім мен тәрбие беруде.
Аудандық «Алтын диск-2012»аудандық информатика пәні мұғалімдері арасындағы байқауына қатысып I орын иеленді.Мектеп ішінде, аудан, облыс көлемінде көптеген семинар-конференцияларға,мастер-кластарға қатысып, өз тәжірибесімен үнемі бөлісіп келеді.
2013 жылы облыстық тарих пән мұғалімдеріне «Пән сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары» атты шеберлік сынып өткізді.
2013 жылы қыркүйек айында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Оқытудың жаңа технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару»және қараша айында республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияда « Білім беру үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияның тиімділігі» атты баяндамалары оқылып, жинақ кітапша болып облыс, республика бойынша таратылды.
2014 жылы 11.11 күні аудандық информатика пәні мұғалімдеріне «Қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шығару» және «Олимпиада есептерін шығару» атты семинар өткізді.
2014 жылы 29.10 күні облыстық информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» аттыәдістемелік семинарда «Символдық операторлар» тақырыбында сабағы жақсы деңгейде өтті. 2015 жылы 08.01 және 31.04 күндері «Зерде» мектебінің семинарын информатика пәні мұғалімдеріне «Облыстық жарыстарға арналған тапсырмалар және қиындығы жоғары есептерді шығару жолдары» тақырыбында өткізді.
Оқушылары аудандық, облыстық,республикалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми-жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Аудандық пәндік олимпиадаларда 2012жылы 9 сынып оқушысы А.КенжебекIIІ орын алса, 2012 жылы 10 сынып оқушысы Н.Бекешов облыстық ашық интелектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің аудандық кезеңіне қатысып номинацияға ие болды. 2014 жылы 10 сынып оқушысы Р.Тыныштыбайоблыстық ашық интелектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің аудандық кезеңіне қатысыпIIІ орын алып,IX облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінде топтықжарыста IІ орын алды.
2015 жылы Республикалық қашықтық олимпиадасында 6 сынып оқушысыА.Кенесова , 7 сынып оқушысы Д. Иманғалиев I орынға иеленді.
Оқушылардың ғылыми жарыстарында шәкірттері нәтижелерге жетіп жүр.
-2013 «Ең үздік ғылыми зерттеу жобасы-2013» мектепішілік байқауында 6-сынып оқушысы Г.АлталиеваІ-орын алып, аудандықкезеңінде сертификатқа ие болды.
Мұғалім өзінің іс-тәжірбесін әріптестерімен бөлісу мақсатында мерзімді баспасөздерге сабақтарын, мақалаларын, ғылыми жұмыстарын жүйелі түрде жариялап жүр:
-2012 жылы «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналында«Оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбындағы сабақ;
-2014 жылы «Информатика негіздері» ғылыми–әдістемелік журналында «Информатика әлемінде» атты білімділік сайыс сыныптан тыс жұмысы;
-2014 жылы «Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журналында «Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары» еңбегі басылып шықты.
-2015 жылы «Информатика негіздері»ғылыми–әдістемелік журналында «Ақпаратты кодтау» сабағы басылып шықты.
-2015 жылы «Инновациинауроке» облыстық жинаққа «Ақпаратты кодтау» сабағы жарияланды.
Жыл сайын мектеп бітіруші түлектердің ішінде көпшілігі физика - информатика, математика -информатика мамандықтарын таңдап,жоғары балл жинап,еліміздің белді оқу орындарында білім алып, алды бүгінгі күні өз мамандықтары бойынща қызмет етіп те жүр.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.68 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |