АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ДИСКІЛЕРДІҢ ПАЙДАСЫ

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Басқа тілде сөйлеу – бұл күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым-қатынас құралдарының қызметін атқарады.Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу «Тіл-унитарлық дағды емес, тіл-қабілеттердің кешенді конфигурациясы»- деген. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайтыны баршамызға белгілі, тіл - лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Ағылшын тілін үйрету үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәрежесі мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, әртүрлі екендігі. Бұндай кездерде  мұғалімдердің байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір оқушы ерінбей, уақытын есептемей жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже бере алады. Егер оқушыда ағылшын тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, біз қанша жанымызды салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.95 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 128

Похожие материалы