Қазақ тілі 4-сынып Сөйлем
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кенжетаева Гулсара Гадилбековна
|
Сындарлы оқыту бағдарламасының жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушы білімді өз бетімен саналы түрде жауапкершілікпен меңгеру керек деген басты идеясын ұстана отырып, сабақты жоспарладым.Социометрия сауалнамасынның нәтижесін ескеріп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Менің атым» әдісімен ұйымдастырып алып, алғашқы сабағымды бағдарлама идеясына сәйкес топқа бөлуден бастадым. Бүгінгі сабақта оқушылар топтың ішінде өзара бағалайтыны ескертілді. Осы іс-әрекетім оқыту үшін бағалауды көргім келді. Сонан соң оқушылар топ ішінде дәптерлерін алмастырып, оқушылар өзара үйден орындап келген тапсырмаларын тексерді. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. (МАН 41 бет) Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтың екі түрін қолданып, «Ой қозғау» сұрақтары әдісімен ережелерді қайталадық. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын пайдаланып отырдым. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін білуге мүмкіндік берді. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білу керек. (МАН 64 бет) Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында, соның ішінен сабақтың нәтижесіне жетуге қарай «Сөйлем» тақырыбына видео подкаст түсіріліп, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалды.
Жаңа сабақта «Дүкенде» видео подкаст көрсетіліп, ой түрткі сұрақтарына жауап ізделінді. Осы жерде оқушылардың мақсатқа қарай әрекет жасағандарына қуандым. Сыныптағы белсенді оқушыларым «С» деңгейіндегі Д сұраққа жауапты бергісі келгенімен, тақырыптан ауытқып кетті. Бірақ та осы жауапты пайдалана отырып, басқа оқушыға қайта бағыттау (МАН 41бет) техникасын пайдалану негізінде жаңа сабақтың тақырыбы ашылды және сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері анықталды. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.(МАН 34 бет) Оқулық бойынша тақырыпқа сай тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау барысында диалогтік тәсілмен төменгі және жоғары деңгейдегі сұрақтар беріп, оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырып отырдым. «Дүкенде» тақырыбында видео подкаст көрсетіліп, диалог кезінде сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері қолдалынғанын анықтаттым. Дұрыс жауап берген оқушыны қол шапалақтау әдісімен ынталандырдым. 2- жаттығуды топта талдады. Топпен жұмыс кезінде ұлдар тобына қарағанда қыздар тобы белсенділік танытты.Себебі, бақылауға алыныған «С», «В» деңгейіндегі екі оқушым осы топта еді. Жаттығуды топта талдап алғаннан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып тақтаға тапсырманы орындады. Топтар өзара бірінің қателерін тексеріп отырды.Осы жаттығудағы үшінші тапсырманы бақылауға алынған «А» деңгейіндегі Б-қа орындауды тапсырдым. Б еш қатесіз тапсырманы толығымен орындап шықты. «Өте жақсы» деген сөздер арқылы тапсырма формативті бағаланды. 3-жаттығу бойынша топпен жұмыстанды. Өлең бойынша екі топқа екі бөлек тапсырма берілді. Бірінші топ өлеңнің мазмұны бойынша әңгімелеп берді, ал екінші топ өлеңдегі тыныс белгілерінің не себепті қойылғандығын айтып шықты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 64 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |