«ҚАЗАҚСТАН – 2050» ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Баяндама: «Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру».              Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталдық. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.92 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 188

Похожие материалы