Қазақстан тарихы "Қарлұқ қағанаты" (756-940 ж)
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Серикбаева Кулшара Жаугашаровна
|
Қазақстан тарихы . 7 «б» сынып
Сабақтың тақырыбы . Қарлұқ қағанаты ( 756 – 940 ж)
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға қарлұқ қағанатының құрамы , олардың орналасқан жерлері , саяси жағдайы,
шаруашылығы , мәдениеті туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақ барысындағы тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстырып, қорытынды
шығара білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке , елін , жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі емес
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік : Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық : Карта.
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
Тақырыбы:Түргеш қағанаты.
1. Түргеш қағанатының жер аумағы , халқы.
2. Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
3. Жетісудағы соғдылар
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Оқушыларға жалпылама сұрақтар қойылады.
1. Қағанаттың негізгі жер аумағы - Жетісу.
2. орталығы - Суяб.
3. Түргештер туралы алғашқы деректер - «Күлтегін» және қытай деректерінде кездеседі.
4. Түргештер нешеге бөлінді - 2-ге
5. Түргеш тайпасын екі ордаға бөлген қаған - Үшлік қаған.
6. Түргештер кімнің кезінде қайта күшейді - Сұлу қаған
7. Түргештерге сырттан кімдерден қауіп төнді - арабтар , қытай, Шығыс Түркістан
8. Сұлу қаған қағанаттың тәуелсіздігін қалай сақтап қалды - Құдандалық , әскери келісім, күш
біріктіру.
9. Сұлу қағанға арабтар қандай ат қойды - «сүзеген» , «мүйізді қаған»
10. Сары және қара түргештер арасындағы күрес қанша уақытқа созылды - 20 жыл
11. Түргеш қағандығының орнына кімдер келеді - қарлұқтар.
12. Сұлу қағанға қастандық жасаған кім - өз қолбасшысы Баға тархан
13. Түргеш қағандығының әлсіреуіне не себеп болады - Жікке бөлінушілік
14 . қағанатта неше аймақ болды , әр аймақта қанша әскер болды - 20 ; 7 мың.
15. Сұлу қаған орданы көшірді - Талас (Тараз) қаласына
Ә) Қағанаттың айналысқан шаруашылығын тірек сызбамен көрсет
Б) Соғдылардың келуіне не себеп болды ?
ІҮ. Жаңа сабақ
І топ : Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері.
ІІ топ : Қағанаттың саяси жағдайы
ІІІ топ : Шаруашылығы
ІҮ топ : Мәдениеті .
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1Қарлұқтардың құрамына қандай тайпалар енді ?
2. Қағанат шаруашылықтың қандай түрімен айналысты ?
3. Қағанаттың мәдениетін қандай салаларға бөлуге болады.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма
Қарлұқ қағанаты
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 617 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |