Қазақстанның график суретшілері С.Романов пен М.Қисамединовтың туындылары
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рахаева Жулдыз Зинетуллаевна
|
Қазақстанның график суретшісі С. Романов пен М. Қисамединовтың туындылары
Сабақтың мақсаты : Оқушылырға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : әдемілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой -өрісін дамыту , сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : сурет дәптер , қарындаштар, түрлі – түсті бояулар
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру , сұрақ – жауап.
І. Сабатың барысы: Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру
б) Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа тақырып. Қисамединов Мақым Мұстақұлы 1939 – 1982 – график суретші. Оның сурет салу тәсілдері линогравюраны қолдана отырып ,қондырғылы және кітап графикасында жұмыс істеді.Диплом жұмысы ретінде . МӘуезовтың «Абай жолы » романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді. Қисамединовтың басты туындыларының бірі – Абай портретінде ақын киізүйдің айқара ашылған сігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті , иілген ік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығарма асқақ сезім мен монументтік қалып береді.
Қазақтың кино суретшісі, графигі кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнерінееңбек сіңірген қайраткер, 1981 жылы Халық суретшісі құрметі атағы берілді.
С.Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркем сурет мектебінде оқыған. Суретші С. Романов 50 – 60 жылдар аралығында «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Жангелдин отряд», «Найзатас», «Ас беру», «Қырық өтірік», «Құрманғазы » атты кинофильмдеріне декорация жасады. Сонымен қатар осы кинофильмдерге арнап кеіпкер костюмдерінің нобайларын , эскиздерін салды. С. Романов шығармаларында ақын «О. Сүлейменов», «Автопортрет», «Мұхаммед Хайдар Дулати , портретері ерекше орын алады. С. Романов шығармашылығында «Жер туралы декрет», «Бұғаудан босану», «Отан аспан аясында», «Төлектің тор жайлауында», «Бектау аты », «Аврора жаңғырығы», «Құсбегі» картиналары ұлттық калоритімен символдық тілімен ерекшеленіп , суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады.
С. Романов «Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен» наградталған.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Қазақстанның басқада қандай график суретшілерін білесіңдер.?
Бағалау . Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.М. Қисамединовтың «Абай» портретін салу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 42.81 Kb |
Количество скачиваний: | 50 |