Бала бойында азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы рөлі
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Урисбаева Гулжахан Кадыровна
Материал Бала бойында азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы рөлі автора Урисбаева Гулжахан Кадыровна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қазіргі кезде бала тәрбиесінде баланың бойында өз еліне, туған жеріне, Отанына, ата-анасына, туыстарына, достарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімді оятуға көп көңіл бөлінуде. Айта кетсек, ежелден –ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай, қандай да қалыпқа құюға болады» делінген, халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі - бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Заман ілгері жылжыған, ғылым мен техника дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы белгілі. Ендеше үзіліссіз тәлім- тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ. Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың оныншы қара сөзінде: «Баланың жақсысы-қызық, жаманы –күйік. Қартайғанда асырасын десең- балаң мейірімді болып, асырарлық болсын десең, өтірік, өсектен аулақ ұстап, ерінбей еңбек етуге, түңілмей ізденуге үйретсең, өз орнын тауып кетеді», - деп бекерге айтылмаған.