Баяндама " Бала тәрбиесі мұғалімге ғана міндет пе?"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кенжебаева Лайла Берикболовна
|
Кез-келген қоғамның күрделі проблемасы қашанда адамның рухани тәрбие мәселесімен тонның ішкі бауындай тығыз байланысты болып келген. Қазір де солай. Қоғамның дамығаны, озғаны, тозғаны, – бәрі-бәрі түгелдей сол ортада жасап жатқан адам ұрпақтарының жүріс-тұрысы мен істеген іс-әрекетінің сипатына қарай өлшенеді.
Рухани тәлім-тәрбие жұмыстары нашарлағанда, қоғамдық ой-сана мен эстетикалық мәдениет бірден құлдырап, құлайды. Ежелгі дәуірдің ойшылдары қолының бостығынан ерігіп философия тудырған жоқ. Олардың басын қатырып, жүйкесін жұқартқан жалғыз қиындық адам тәрбиесі еді. Сондықтан да даналар отырған жерінде әр нәрседен ғибрат алып, одан ой қорытып, адамның болмысы мен шыққан тегі туралы барынша терең ойлануға тырысқан. Көне Грекия даналарының заманында күмәнсіз сенетін киелі кітап пен кереметті пайғамбар болмаса да, олар ақылдың нұрымен табиғаттың терең сырларына барынша бойлап, оның түпкі құпиясын табуға талпынатын. Нені зерттесе де, күллі ғаламның тамаша тәртіппен жүйелі түрде жұмыс жасап тұрғанын дәлелдеуден жалықпайтын. Мақсаттары – ғажайып үйлесіммен жаратылған табиғаттың киелі тәртібіне сәйкес отандастарын ғибратты өмір сүруге үгіттеу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |