Баяндама "Биология сабағында ақпараттық- коммуникативті технологияны қолданудың тиімділігі"

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...  оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технолгияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі- тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білі алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз міңез-құлықтарын ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде ең көкейтесті мәселелелердің біріне айналып отыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.95 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 118

Похожие материалы