Баяндама.Педагогикалық технологияның негізгі ерекшеліктері
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Танирбергенова Алия Мендибаевна
|
Баяндама
Педагогикалық технологияның негізгі ерекшеліктері
Педагогикада технологиялық тәртіптің барлық құбылыстарын шартты түрде былай жіктеуге болады:
- ірі әдістемелік технологиядық құрылымдар;
- технологиялық микро құрылымдар;
- әдістемелік тезнологиялық форма түзушілер;
- технологиялық әдістер;
- әдістемелік технологиялық тізбектер;
- технологиялық құралдар;
Ірі технологиялық құрылымдарға мыналар жатады: тұтас педагогикалық процестің,құрылымның,жүйелі жүзеге асуы,балалардың тәрбиелік ұжымының ұйымдастырылуы,балалардың өнімді еңбегін ұйымдастыру түйінінің құрылымы. Педагоикалық тәжірибенің технологиялық тәртібінің бұзылуы,міндетті жүйеліліктің жүзеге асуына,барлық оқу-тәрбие процесінің элементтері сақталмауына әкеліп соғады. Сонымен,жеке мақсаттың,мазмұнның,жұмыс түрінің диагностикасын,кері байланысын және түзетулерін ұмытып кетеді,бұл педагогикалық процесті меңгермейді. Дәл сол құбылыс ұжымды ұйымдастыруда да болып отырады,мұндай технологиялық түйіндер салтқа айналып кетеді.Технологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажетті тәртіпті қамтамасыз етеді,рухани күшті босатып отырады.
Технологиялық жүйелі құрылымдардың форма жасауы,жаңашылдық мұғалімнің тәжірибесінен туды. Оқу-тәрбие процесінің нәтижесі мұғалімнің өз жеке-басының ерекшелігіне сай технологияларды қолдануы арқасында өседі, олардың бірі балалардың назарларын қарым-қатынас жүйесіне аудартады. Мысалы, тарихтан оқыту мақсатын анықтау үшін,өтілетін тақырыбын нәтижелі меңгеру үшін,оқытылып жатқан материалына тоқталғанда,мұғалім тұрақты-жүйелі оқыту жағын жоспарлайды,жүйені құрады. Оған енгізетін: лекция-сабақ,іс-қағаздар сабағының нәтижесі-тарихи оқиғалар орындарына саяхат жасау – ардагерлермен кесдесу – жеке шығармашылық есеп,болмаса оқушының баяндамасы сияқты жұмыс түрлерімен ұштастырады.
Технологияландырудың бұзылуы,мысалы: балалардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыруда оның құрылымдық жүйесі мен бір бөлігі түсіп қалса,немесе басқа технологиялық түйіндер шешілмесе,балалар ұжымы ұйымында – үй шаруашылығын жақсы жағдайда ұстау бала үшін міндетті,өйкені ол тазалаық пен денсаулық әдетінің негізін құрайды. Технологиялық элемент кіші-құрылымының түйіні – сабақ. Жаңа білімді хабарлау немесе білім мен дағдыны тәжірибеде қолдану, «жекелік» және «бірлік»,»ұжымдық» жұмыс түрлері сабақ негізі болып табылады.
Әдіс-технологиялық жалғамалар мұғалім мен тәрбиелеушінің тәжірибелерінде дағды мақсаттарынан шығарылады. Бұл үшін логикалық жүйелілік бөлек түйін құрылымдарымен
қабылдаулар,диаграммалар,карталар,сурет беріледі. Бала шаршамау үшін оқу процесінде есеп шығару кезінде,әріп жазу кезінде баланың сабаққа қызығушылығын,қабылдау қабілеттілігін жоғалтпау үшін мұғалім қабылдау жүйесін зерттейді,қабылдауға дайындайды және жұмыс барысында ынталандырады.Осыған байланысты технологиялық жалғама қарым-қатынастың жиынтығы,жүйелілік әдісі,қабылдауы, тапсырмасы және оқу ісінің,еңбек күшінің,спорт дағдысының және әдеп тәртібінің бекітулері жүреді.
Технологиялық процестер технологиялық қатар формасымен,жұмыс нәтижесімен қамтылады,балалардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерінің даму дәрежесі,бейімділігі ескеріледі.Өзінің балаларды оқыту барысындағы бақылауында педагогноватор И.П.Волков әр оқушыға арнап күнделік жазды.Онда балалардың істеген жұмыстарының сапаларын белгілеп отырды.Егер оқушы тапсырманы оө ойынан шығарып орындайтын болса,оның жұмысы осы күнделікке енгізіледі. Технологиялық жазулардағы мәлімет жетік,толық,түсінікті,қызықты болуын қамтамасыз етіп,оқушының қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жеңілдетіп,оқытушыға көмектесіп отырады.
Педагогикалық-техникалық құбылыс қатарынан қажетті орынды техникалық құралдар алады. Компьютерлік құрылымдар,машиналы программалау,әр түрлі аппараттарды педагогикалық технологияға енгізі керек, әр бөлек түйіндер сапасында немесе жеке технология-техникалық жалғамалар түрінде қолданылады. Педагогикалық технологияны дәл ғылымға жақындатады,ал педагогикалық тәжірибені мұғалімнің шығармашылығына енгізеді,оны ұйымшыл етеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.89 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |