Бердібек Соқпақбаев

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтіп келмейді»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға романның мазмұнын талдауға, тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстарды өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін бекітуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы табиғатты, жаратылыстың барлық иелерін аялау, жанашырлықпен қарау сияқты мінез құлықтарға тәрбиеленуге негіз дайындау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, сұхбат, түсіндіру, талдау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Көрнекіліктер: оқулық, Б. Соқпақбаевтың суреті .
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық:
Мұғалім сөйлемдер оқиды, оқушылар «Шындық», «Өтірік» деп жауап береді.
− Күн жерді айналады (өтірік)
− Күн кешке батыстан шығады, таңертең шығысқа батады (өтірік )
− Бір жылда төрт мезгіл бар (шындық)
− Мұхит өзенге құяды (өтірік)
− Бозторғай үй құсы (өтірік)
− Бозторғай қыста ұя салады (өтірік)
− Ит адамның досы (шындық)

2. Үй тапсырмасын тексеру: Қадыр Мырза Әлі
3. Жаңа сабақ:
Автор жайында мәлімет:
Бүгін, біз Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы өтеміз
Аты - жөні: Бердібек Соқпақбаев
Туған жері: 1924жылы 15 қазанда Алматы обл, Нарынқол ауылында туған.
Дарындылығы: «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген.
Шығармашылығы: 1950ж. «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың Гауһар» секілді туындылар.
Романда ақ-қара, жаман-жақсы деген тәрбиелік ұғымдар жақсы көрсетілген. Бірақ, автор оқырманына бұлай дұрыс, бұлай бұрыс деп айтудан аулақ. Кейіпкердің бастан кешірген оқиғалары, махаббат пен қуаныш, қайғы-мұң секілді сезімдер арқылы өмірдің әрбір жолы таңдау екенін көрсеткісі келетін сыңайлы. Пенде болғаннан кейін, бәріміз де шалыс басамыз, қате ойлаймыз, қате сөйлейміз. Кейде шын ниетіміз бен әрекетіміз ұштаспай жатады. Көзкөрген жазушылардың айтуынша, кейіпкердің барлық дерлік хикаялары романның авторы Бердібек Соқпақбаевтың өзінің бастан кешкен оқиғалары. Шығармашылық адамдарының мінезі қызық қой. Кейде өмірден түңіліп, болмашы нәрсеге мұңайып жүрсе, кейде балалық шағында оянған махаббатын аңсап, шабыттанып жүреді.

Кейіпкер – бала кезінде соғысты көріп, анасына кейінгі ең жақын адамы үлкен ағасынан айырылған, қызба мінезінің кесірінен талай әділетсіздікке ұрынған адам. Көңілді, тапқыр Еркін өмірдің ақ-қарасын білетін сияқты, дегенмен шалыс басқан кездері көп болады. Өзін ренжіткен адамдар да ақырында опа жейді, кейіпкеріміз де өмірдің талай соқпағынан өтеді. Бірақ, қанша дегенмен, тағдырынан жарқын сәттерді көбірек күтеді, соған ұмтылады да. Еңбектеніп, анасы мен жесір қалған жеңгесіне қамқор болу үшін, адам қатарына қосылғысы келеді. Бірақ, жеңгесін қорғаймын деп жүріп, өзі әділетсіздікке ұрынып, түрмеде отырып шығады. Осылайша жастайынан бағына балта шабылған бала, өмір өзің ойлағандай емес, керісінше мүлдем күтпеген аумалы-төкпелі кезеңдерден тұратынын айқын түсінгендей болады. Түрмеде отырған жас жігітке жақсы қызмет табу оңай емес. Дегенмен, білім алып, ұстаздық етеді. Балаларға арнап әңгімелер жазып, отбасын құрады. Қуанышпен қатар, қиындығы да көп өмірден түңілген емес. Әке орнындағы қамқор ағасынан, судың тұнығындай тұңғышынан айырылады. Жақын адамдарын ажал құшқаны – қабырғасын қайыстырады. Романның «өлгендер қайтып келмейді» деп аталуы да сондықтан шығар. Бала кезінен аңсаған арманы алғашқы махаббаты - Ғалия есімді қызды тауып, сезімін жеткізу болатын. Жылдар өте Еркін Ғалиямен кездеседі. Әбден үйлі-баранды болып, ақыл тоқтатар жасқа келген кезде, қолынан ұшырып алған құс секілді көрінген Ғалиямен қайта жүздескенде, тағдырдың бұйрығымен тұншығып қалған сезім қайта тіріліп, оянғандай болады…….Менің бұл романнан түйгенім көп. Біріншіден, шығарма Кеңес одағы кезінде жазылса да, сол уақыттың талабына сай – идеология мүлдем дерлік жоқ. Сондықтан, бұл роман қазір де өзекті. Екіншіден, кейіпкердің бастан кешкен хикаялары, қателіктері арқылы – ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінесің. Әсіресе, қазіргі ер-азаматтарға оқып көрген жөн секілді. Ер адамның әрбір әрекеті, сөзі, ісі нәтижесіз қалмайды. Әр нәрсенің өз себебі мен салдары болады. Тек сол себепті сылтау етіп, ауыр салдарға ұрынудан сақтасын!


3. Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы
ә) оқушылардың мәтінді аударуы

4. Мәтінмен жұмыс:
Мәтін бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.
−Бұл мәтін не жайында айтылған?

5. Дәптермен жұмыс:
6. Қорытынды:
− Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Түсіндіру

7. Бағалау. Білімдерін бағалау 10. Үйге тапсырма: Мазмұндау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 109.23 Kb
Количество скачиваний: 107
Просмотров: 285

Похожие материалы