Бейнелеу 1-сынып. Сабақтың тақырыбы: Сызықтың, фигураның, штрихтың көмегімен әр түрлі бейнелерді салып үйрену
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Шниязова Динара Есетовна
|
Сабақтың тақырыбы: Сызықтың, фигураның, штрихтың көмегімен әр
түрлі бейнелерді салып үйрену
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сызықтар мен штрихтардың көмегімен қызықты жануарлады, түрлі денелердің пішінін салуға болатындығына көз жеткізу, салуды меңгерту,түсініксіз дақтардан кәдімгі бейнелерді кескіндеуге болатындығын үйрету, симметрия, орналасу сияқты өрнек салудағы маңызды мәтіндерді меңгерту
Дамытушылық: оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, геометриялық фигураларды толық ажырата білуін меңгерту, қиялдай білуге үйрету
Тәрбиелік: оқушыларды тапсырманы ұқыпты орындауға, шапшаң жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, жасанды бейнелер, мультимедия аппараты.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
«Жылулық шеңбері» балалар қол ұстасып тұрып бір-біріне сәтті күн, жақсы тілек тілейді.
ІІ. Өткенді пысықтау (сұрақ – жауап әдісімен)
- Бейнелеу сабағында қандай құралдарды пайдаланады?
- Түстер нешеге бөлінеді?
- Суық түстерді ата.
- Жылы түстерге қандай түстер жатады?
- Суретшінің басты үш бояуы қандай түстер?
- Штрих дегеніміз не?
(балалардың жауаптарына байланысты тақтада суреттері шығып отырады)
ІІІ. Сергіту сәті
Бір, екі, үш- сынып іші тып-тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
- Балалар, біз өткен сабақтарда сызық, штрих не екенін білдік, оларды
пайдаланып сурет салдық, Штрих қошақан салдық, кірпі салдық.
- Сондай-ақ бейнелеу өнері сабағында біз алдымен тапсырманы орындарда
өз ойымызды айтып, түсінігімізді байқатамыз. Олай болса, бүгін
сызықтың, штрихтың, фигураның көмегімен түрлі бейнелерді салып үйренеміз.
- Сызықтың қандай түрлері бар?
- Қандай геометриялық фигураларды блесіңдер?
- Балалар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекті пайдаланып қандай заттардың бейнесін салуға болады?
(Балалар әр түрлі жауап беруі мүмкін.)
- Күнделікті өмірде көріп жүрген заттарға мысал келтіру (үй, доп, машинаның дөңгелегі, сөмкелері, кітап, дәптер, т.б)
- Сонымен қатар, балалар, біздер әр түрлі геометриялық фигураларды пайдаланып, кез келген затты бейнелеуімізге болады. Бүгінгі сабақта жануарларды бейнелеп үйренейік.
(Тақтаға үлгі суреттер шығады)
- Балар, байқап отырсыздар ма сиырдың басы қай фигураға ұқсайды?
- Керік, қоян ше?
- Балаларға суреттерді қалай бастап салу керектігін тақтаға салып көрсету.
- Ең алдымен, салатын суретіміз белгілі болған соң, соған сәйкес қағаз бетіне нүктелерді түсіреміз, содан кейін оладрың арасын сызықтармен қосамыз. Бейнеміз дайын болған соң, әдемілеуге болады.
Ү. Сергіту сәті
Жаратқанның бергені-
Екі көзім бар менің,
Екі құлақ қалқиып,
Айтқанымды ал құйып.
Жүру қандай оңай-ақ
Бар болғаны екі аяқ
Екі қолым – қос қару
Керек дұрыс басқару.
ҮІ. Оқушыларға шығармашылық тапсырма
- Әр балаға ақ қағаз беріледі,балалар алдымен нүктелер бейнелеп, содан бейне шығарылады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетіледі.
Жұмбақ шешу
1. Аппақ қардай тоны,
Күжірейген жоны.
Көзі қызыл моншақ,
Білесің бе оны?
(қоян)
2. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(балық)
3. Тікірейген құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
(мысық)
Үйге тапсырма: сызық пен штрихты пайдаланып, ойдан сурет салу.
Оқушылар жұмысы сабақ соңында тақтаға ілініп, көрме ұйымдастырылады.
Сабақты қорытындылау. Мадақтау.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 4.41 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |