Бейнелеу өнері Тақырыбы: "Доптар"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:Бейнелеу өнері, жапсыру.

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: балаларда басқаларға қамқорлық жасай білу, қиын жағдайларда көмекке келу іскерліктерін қалыптастырып, түстер мен көлемдер туралы білімдерін бекіту, дайын пішіндерді фланелеграфта дұрыс орналастыруға үйрету.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаят құрады:

Фланелеграфтағы мұңайған қоянға балалардың назарын аударады. Қоянның жанында бірнеше доптың суреттері бар.

Балалар қоян мен доптарға қызығушылығын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды қояннан неге мұңайғанын сұрауға ынталандырады. Сұрақтарды бірге қайталап айтуға көмектеседі.

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Бір, екі деп, екі ұрдым.

Шатырға сен секірдің.

Үш, төрт, бес деп үлгердім,

Ішіне ендің гүлдердің.

Алты, жеті дегенде,

Жаттың шоршып еденде.

Сегіз, тоғыз, он дедім, Сайға сырғып жөнелдің.

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Қоянға қалай көмектесуге болатынын балалардан сұрайды. Қоянға қандай допты бере алатынымызды көрсетеді.

Қоянның көңіл-күйінің қалай өзгергеніне балалардың назарын аударады.

Балалар қоянға сұрақтар қояды.

 

 

Өлеңді тыңдайды.

 

 

Қоянға қалай көмектесуге болатынын ұсынады.

 

Фланелеграфта дайын пішіндерді орналастыру бойынша тәрбиеші мен балалардың жұмысы.

Рефлексивті – түзетушілік

Қоянға қалай көмектескені туралы сұрайды. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекітеді. Балаларды мадақтайды.

Геометриялық пішіндердің атауларын қайталайды –дөңгелек, көлемі-үлкен, кіші және түстері-қызыл, сары, көк. Баянға көмектескеніне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- доптың геометриялық пішіні –дөңгелек, ол үлкен немесе кіші болуы мүмкін;

- түстері әртүрлі болуы мүмкін;

- пішіні мен көлемінің қатынасы.

Нені игереді:

- қамқорлық пен жанашырлық сезімін білдіру тәсілдері туралы түсініктері.

Нені біледі:

- ниетін, қамқорлығы мен жанашырлығын білдіру;

- көлемі мен түсі бойынша фланелеграфта дұрыс орналастыруды.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 34 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 117

Похожие материалы