Экология Тақырыбы: "Су не үшін керек? "

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Экология негіздері

Тақырыбы: «Су не үшін керек?»

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен таныстыру. Түстер туралы түсініктерін бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. 

Сөздік жұмысы: су, жылы, суық, бет, ауыз, тіс, көк табақ, жасыл табақ.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиешінің

Әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жуынатын бөлмеге шақырады, судың шүмегін ашады және судың қалай «ән айтатынына» назар аудартады («с-с-с»)

Балалар судың аққан дбысын тыңдайды және «судың әнін айтады» («с-с-с»).

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар топқа қайтады.

Судың қажеттілігі туралы балалармен әңгіме жүргізеді.

Жуынып жатқан балалардың суретін көресетеді, мазмұны бойынша әңгімелеседі.

Тақапақ оқиды:

Су – табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

Үйде ванна, душ болса,

Салқын сумен құйынған.

Ыстық суға шомылған,

Суық сумен шайынған.

Су туралы «әнін айтуды» ұсынады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

Балалар суреттерді қарап, сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге 3-4 тақпақ оқиды.

 

Тыныс шығарарда «с-с-с» дыбысын айтады.

 

 

Рефлексивті-түзетушілік

Тәжірибе жасау.

Тәрбиеші балалармен бірге жылы және cуық cу құйылған табаққа жақындайды, саусақтарын суға салуды ұсынады.

Балаларға сұрақ қояды: Су қандай? Қай табақта су cуық? Қай табақта су жылы? Қалай біз білдік? Ал қандай сумен біз жуынамыз?Сендер қалай жуынасыңдар, қолдарыңды жуасыңдар?

Балалар судың суық және жылы болатыны туралы қорытынды жасайды,.

 

 

 

Балалар көрсетеді (еліктеу).

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- судың не үшін керектігін (шомылады, жуынады, кір жуады);

- судың жылы және cуық болатынын.

Нені игереді:

- жылы, cуық – судың қасиеттері туралы түсінігін.

 

Нені біледі:

- қолын жууды;

- «с-с-с» дыбысын дұрыс және созып айтуды;

- тәрбиешімен бірге тақпақты қайталауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 297 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 105

Похожие материалы