Көркем әдебиет Тақырыбы: Қысқы баспана мектепалды дайындық тобы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Рахимжанова Гульнар Егинбековна
|
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қысқы баспана.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету.
Сөздік жұмысы: тақтай, еден.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күзгі тіршілік суреттері, бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
«Еріксе, құйрығымен ойнайды, зеріксе, ұйқыға бір тоймайды». (Мысық)
«Қызыл бұжыр айдары бар, қоқиланған айбары бар,
Ауық-ауық азан салып, өңеш керген айғайы бар». (Әтеш)
Дидактикалық ойын: «Қайсы қалай дыбыстайды?»
Ойын шарты: педагог үй жануарларының суреттерін көрсетеді. Балалар олардың атауын тауып, қалай дыбыстайтынын айтуы тиіс.
Дәптермен жұмыс: «Қысқы баспана» ертегісімен балаларды таныстыру.
- Орманда қандай аңдар өмір сүрді?
- Олар күзде не тұрғызды?
- Олардың үйіне нелер келді?
- Қасқырлар неден қорықты?
- Бұқа, қошқар, әтеш, мысық, шошқа қандай дос?
Сергіту сәті: Озып кетсең егерде,
Қуана бер, қуана.
Бірімізді біріміз
Ұстап алмай қоймайық.
Кел, қошақан, екеуміз
Қуаласпақ ойнайық. (Қимылмен көрсетеді).
Мақал жаттау:
«Береке түбі - бірлікте» - жоғары дауыс
орта дауыс
төмен дауыста айтылады.
Қорытынды:
- Үй жануарларына қандай көмек көрсету керек?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
- Үй жануарларының азығы не?
- Үй жануарларына баспананы кім жасайды?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 25.5 Kb |
Количество скачиваний: | 66 |