Биология пәнінен 9-сыныптар бойынша сабақ жоспары:Жерде тіршіліктің дамуы.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Cабақтытың тақырыбы: §33. Жерде тіршіліктің дамуы.                                                                                                       

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -  оқушыларға жерде тіршіліктің дамуы туралы мағлұмат беру.                                                                                                  

Дамытушылығы - оқушылардың  шығармашылық, ойлау қабілетін  арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелілігі - адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ғаламшарымыздың биологиялық тарихы

 Сабақтың әдісі:     Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

 Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                            ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

                                            ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

                                            ІV.  Бекіту

                                            V.   Қорытындылау

                                            VІ.  Бағалау

                                            VІІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Храмсояудың тамыры мен жапырактарынын жойылу себептерін қалай түсіндіресіңдер?
  2. Арамсояу немен және калай қоректенеді?
  3. Органикалық зат түзе ме?
  4. Биологиялык регрестің биологияльш. прогрестен кандай айырмашылығы бар?
  5. Дегенерациянын қанша жолы бар?
  6. Жануарлардағы дегенерация мысалдарын талдап беріндер.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жер кабатындағы тасқа айналып сақталып қалған қалдықтарынан зерттейді. Сондықтан геологиялық кабаттар Жер тарихының тас шежіресі. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронологиялық әдіс колданылады. Әрбір геологиялық дәуірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін қабаттардың орналасу тәртібінің сұлбасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Организмдердің пайда болу жүйелілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын біліп, ғалымдар ғаламшар тарихынын хронологиясын тіршіліктің дамуын сипаттады.

Жер тарихының шежіресі. Жер тарихы  — заманға; заман — кезеңге; кезең — дәуірге; дәуір — ғасырға бөлінеді Бір заманның аякталуы мен келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің арақатынасының  өзгеруі; тау түзілудің қарқынды жүруі — жер бедерін өзгертіп, кайта құрады. Заманның аттары.

1.           Архей — ежелгі заман.

2.           Протерозой — алғашқы тіршілік.

3.          Палеозой — ертедегі тіршілік.

4.           Мезозой — ортадағы тіршілік.

5.           Кайнозой — жаңа өмір.

Архей заманында тіршіліктің дамуы. Архей заманьшда аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанар таулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді. Тау жыныстарының кұрамында графит көп болған. Ғалымдар графит тірі организмдердің құрамына кіретін органикалық қосылыстардың қалдығынан түзіледі деп есептейді. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда қабығы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болған. Олар суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған.

Сондықтан алғаш пайда болған тірі организмдер — гетеротрофтар деп есептеледі. Канада, Австрия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер — строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі аныкталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар — прокариоттар архейде тіршілік еткен. Шөгінді жыныстар — темір, никель, марганецтерге де бактериялардың қатысы бар. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да зат алмасу жақсы дамып көбеюге қабілетті болтан. Жер бетінде тіршілік эволюциясында фотосинтездің болуы — ең басты кезең. Себебі фотосинтез органикалық дүниені жануарларға және өсімдіктерге бөлуге себепші болды. Ең алғашкы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табигат эволюциясындағы ірі ароморфоз фотосинтез процесінін жүруі. Архей заманының соңында ең алғашқы колониялы балдырлардың шыққандығына Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған қалдыктардың табылғаңы дәлел.

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Протерозой — Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Бүл кезеңде көп жасушалы жасыл балдырлардың суда еркін жүзген жене су түбіне бекінген түрлері шықты. Су түбіне бекінген балдырлардың денесі бөліктерге бөлінген формаларынан мүшелер дамыды. Жасыл балдырлар ауа қабатына оттекті көп мөлшерде бөліп, жануарлардың тыныс алып өркендеуіне әсер етті. Әсіресе бір жасушалы организм-дерден — бактериялар, кек-жасыл балдырлар және талшыктылар өте көп таралған

Протерозойдың соңындаіъі есімдіктер мен жануарлар:

 1 — көп жасушалы балдырлар; 2 — губкалар;

 3 — медузалар; 4 — жылжып бара жаткан

буылтык кұрт; 5 — ініндегі буылтьщ кұрт; 6 — сегіз сөулелі коралл; 7 — карапайым буынаякты

Протерозойда организмдердің басым коппплігі теңіз ішеккуысты-лары, губкалар, буылтық қүрттар, былқылдакденелілер екендігі жер кыртысы кабаттарынан табылған калдықтардан байкалған. Сонымен катар саныраукүлактар, буынаяктылардың қалдыктарының болған-дығы дәлелденген (38-сурет).

Протерозойда табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде, су мен атмосферада оттектің кеп жиналгандығы аныкталды.

ІІ. Палеозой заманы 6 кезеңнен: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір (карбон), пермь.

Кембрий (организмдердің каңкд калдығы алғаш табылған орыннын аты). Ауа райы қоңыржай, топырак, болмагандыктан тірші-лік, негізінен, сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялар мен кек-жасыл балдырлар тіршілік еткен. Өсімдіктерден жасыл, диатом, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, қызыл, коңыр балдыр­лар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырған. Әсіресе тенізде кальций, магний тұздарының концентрациясы көбейе бастаған. Теңіз жануарлары минералды тұздарды денесіне еркін сіңірген. Буынаяқтылардың ертедегі өкілі — осы күнгі құрлык шаянына ұқсас (мокрица) трилобиттер п.б. Денесіне сіңген минералды түздардан денесінің сыртында хитинді сауыт түзілген. Трилобиттердің денесі хитинді-сауытты, 40—50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалал жүріп тіршілік етеді. Кембрийде — губкалардың түрлері, коралдар, былқылдакденелілер, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі п.б. Кембрийді — омырткасыздардың даму кезеңі дейді.

Ордовик Теңізде коңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяк, кальмарлардың туысы — алғашқы басаякты былқылдакденелілер (ұлулар) пайда болды. Сонымен бірге иықаякты, бауыраяқты былқылдақденелілер тарала бастады.

Силур кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандыктан құрлыктың көлемі артты, ең алғашкы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып ракоскорпиондар дамыды. Оның ауыз айналасына орналасқан аяқтарының ең алдынғы жұбы қорегін ұстап бөлшектеу үшін қысқышқа айналған. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратьш сүйекті сауытпен капталған ең алғашкы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар — сауытты балықтар пайда болды (40-сурет). Сауытты балықтар жүп жүзбе қанаттары болмағандықтан, көбінесе су түбінде жатып тіршілік еткен. Тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен, жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жаткан. Өте баяу козғалу әрі карай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды.

Палеозой заманынын (кембрий, ордовик, силур кезеңдері) фауналары:

1— археоциаттардың колониясы; 2 — силур коралдарының қанкасы;

3 — медузалар; 4 — басаяқты былкылдакденелілердің бақалшактары;

5 — иықаяктылар; 6—трилобиттер (қарапайым шаянтектестер)

Осы күнгі дөңгелекауыздылар — минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.

Судың азайып  ең алгаш құрлыккд шыққан өсімдік — псилофиттер (риниофиттер) (41-сурет). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп төрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекіпл, су мен минералды тұздарды сіңірген. биогенді қабат — топырақ түзілді. Ең алғаш кұрлыққа псилофиттермен қатар осы күнгі сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды.Өсімдіктер мен жануарлар құрлықты мекендей бастады.

 

 

40-сурет. Жақсүйексіз сауытты балықтар

Девон (Оңтүстік Англияның Девоншир графтык атағының кұрметіне аталған). Девонды балықтар кезені дейді. Теңіздің көлемі азайып, саязданып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейді. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, скаттар, химералар) же сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбе қанаттарының қүрылысьша карай сүйекті балыктар сәулеқанаттылар (жүзбе канаттары желпуіш

41-сурет. Псилофиттер (риниофиттер) — кұрлыкка алғаш шыккан өсімдіктер

тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбе қанаттары саусакка ұксайды) деп бөлінеді. Саусакканатты балықтардың жүзбе қанаттары етті, кыска болған. Екі көкірек, екі құрсак жүзбе канаттарының көмегімен жүзіп кана коймай, суы күрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүрген. 1938 жылы Оқтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Балық мүражайы қызметкері К. Латимер ханымның есімімен латимерия деп аталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашкы қосмекенділер — стегоцефалдар шыққан.Девонда өсімдіктерден — споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырыкжапырактар көптеп тарала бастады. Қүрлық өсімдіктері ауаны оттекпен байытып, тазартып, жануарларды қорекпен қамтамасыз етті.

Тас көмір (жерде тас кемірдің қальщ кабаты болғандыктан атаған). Ауа райы ылғалды, жылы болып батпақты жер аумагы көбейген. Биіктігі 30—40 м, ені 1—2 м ағаштектес плаундар — лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып ескен. Тас кемірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер өлемі ерекше каулап есіп, дами бастаған (43-сурет). Тұқымды қырыкжапырақтардан ашыктұқымдылар таралып, эволюцияда тұқыммен көбею жолы пайда болды.

 

42-сурет. Палеозой заманыньщ девон, карбон, пермь кезеңдеріндегі фауналар:

1—саусакқанатты балық (девон); 2—ертедегі космекенді — стегоцефал (карбон);

3—инелік (карбон); 4—ертедегі жыртқыш кесіртке — иноетранцевия (пермь);

5—шөпқоректі, еткоректі кесіртке (пермь); 6—шәпқоректі кесіртке;

7—балықпен коректенетін кесіртке (пермь)

4- Биология (ЕМ) Мкл. Не

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту

1. Ғалымдар Жер ғаламшарымыздың тарихын қалай қалпына келтірген?

2. Олар бұған қандай әдістерді пайдаланды?

3. Ғаламшарымыздың бүкіл тарихы қандай ірі және ұсақ бөліктерге бөлінеді?

4. Тіршілік қай мерзімде пайда болды?

5. тіршіліктің бес заманының әрқайсысына сипаттама беріңдер?

 

V. Қорытындылау

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма   §33

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 727 Kb
Количество скачиваний: 81
Просмотров: 254

Похожие материалы