Білгенге маржан. Қазақтың ою-өрнектері.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен атаулары.

    

    Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен  орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында  элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша  құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегінің  мақлұқаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық  т. б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі. Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.

      Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

       Ою-өрнек – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға  ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңға мазмұн беру.

 

1.                           2.                       3.                     4.                   5.                     6.                

 

1.«Кемпірқосақ»  ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланады.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 382.5 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 177

Похожие материалы