Здесь была ссылка на работу Бос шалу тізбегі автора Адильбекова Меруерт Сагатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пәні: Сабақ: Сыныбы: 7 а,ә Күні: Сабақ тақырыбы: Бос шалу тізбегі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету. Дамытушылық: ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту. Тәрбиелілік: өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сарамандық жұмыс Сабақтың түрі : аралас сабақ. Кұрал –жабдықтары: ілмектер ,тоқыма жіптер Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. ІІ. Өткен сабақты қайталау ІІІ. Жаңа тақырып Ілмекбізбен іліптоқу –бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді.Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады.Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмекбіздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін ,ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай –ақ жеңіл тартып шығару үшін ,ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмекбізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды.Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек.Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмекбізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады. Ілмекбізбен іліптоқудың негізгі элеметтері –бос шалу,шалмасыз бағанша ,шалмалы бағанша.Басқа элеметтер осылардың түрленуі.Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады. Бос шалу. Ілмекбізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Сарамандық жұмыс Жұмыстың қауіпсіздендіру ережелері. 1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс . 2. Ілмектер жақсы тазаланып арнайы орында сақталуы қажет. 3) Жұмыс кезінде ілмек ұстаған қолыңды кенет қозғауға болмайды – қасындағы отырған оқушыны жарақаттандырып алу мүмкін. 4) Бір неше сағат тоқуға болмайды.Үзіліспен 2 сағаттан жұмыс істеуге тырысыңдар. 5) Жұмыстың соңында барлық құрал –жабдықтарын арнайы орынға жинап тастаңдар. Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп Тапсырма 1. Жоғарыдағы мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып , тоқып үйреніңдер (Бос шалу, босшалу тізбегі, орам,біріктіргіш бағанша, екі шалмалы бағанша) 2.Үлгілерді коллекция ретінде жинаңдар 3.Үлгілердің атын жазыңдар. Тоқу түрлері. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу.Келесі қатарға өту үшін ,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды : бағаншалардың қатарына шалмасыз-1 бос шалу ; жарты бағаншалардың қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына – 4 бос шалып , тоқу осылай жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды. (терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу. Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және біріктіретін бағаншамен аяқтайды.Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту керек. Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына шығарады Қорытынды : 1 Ілмекбізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар 2.Ілмекбізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер 3.Ілмекбізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар ? 4.Шалмалы бағанша қалай орындалады ? 5.Ілмекбізбен жұмыс істегенде сақтау керек қауіпсіздік ережесін айтып беріңдер ? Бағалау Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау. Үйге тапсырма беру : Ілмекбізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру.