«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні: 28.11.2014 ж

Химия және биология пәндері бойынша

«Брейн – ринг» интеллектуалдық ойыны

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың биология және химия пәндерінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.
- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.
Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, тұрмыстық заттарды біліп жүруге үйрету.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: информатика,химия, математика, тіл сабағы.

Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б)психологиялық дайындық.

Ойынның тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд арқылы).

2.Негізгі кезең:
Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Химия,биология ғылымы жайында

«Брейн-ринг» танымдық ойынын бастаймыз!

Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:

Жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, —ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады).

Жүргізуші:

Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-

Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Ойынымыз 5 бөлімнен тұрады:

1. «Зерде » бөлімінде биология және химия пәндерінен сұрақтарға жауап алынады.

2. «Білгірлер сайысы» бөлімінде тәжірибелік есептер шығару және практикалық жұмыстар көрсетіледі.

3. «Ойлан тап» бөлімінде топтар кесте бойынша берілген тақырыптарға байланысты 10, 20, 30, 40 ұпайлық ұяшықтар таңдайды.

4. «Ұлы тұлғалар» бөлімінде берілген тұлғаның өмірі мен ашқан жаңалығы туралы сипаттама береді.

5. «Жорға» бөлімінде топ жетекшісі берілген уақыт аралығында сұрақтарға жауап береді.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға,сол алда.

Кәнекей сайыскерлер, осы уақытқа дейін биология және химия пәндерінен алған білімдеріңізді көрсетіп,ортаға салыңыздар.

І – кезең. «Зерде»
Бұл кезең бойынша сіздерге биология және химия пәндерінен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін топқа « 5 » ұпайдан қосылады.

1. Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: хлорофилл

2. Адамның қол сүйектері: тоқпан, кәрі жілік ,алақан

3. Сыртқы ұрық жапырақшасы эктодерма

4. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы қай жылы жарыққа шықты? 1996

5. Бүйрек үсті безінен бөлінетін гармон адреналин

6. Ақуыз қайда синтезделеді? рибосомада

7. 9 сынып биология оқулығының авторлары кімдер? М.Гильманов, А.Соловьева, Л.Әбшенова

8. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.И.Вавилов

9. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым Резерфорд

10. Металдардың бұзылуы коррозия

11. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті аллотропия

12. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? Силикаттар

13. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? Қ.Сәтбаев

14. Ауа құрамында оттектің мөлшері 21%

15. Ең ауыр металл осмий

16. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл йод

17. Туберкулез ауруын тудыратын бактерия кох таяқшасы

18. Арқа омыртқаларының саны: 12

19. РНҚ-ның құрамына кіретін көмірсу түрі: рибоза

20. Қан қысымын өлшейтін құрал: тонометр

21. Саңырауқұлақтарда не болмайды? пластид

22. Қан ұйымайтын ауру: гемофилия

23. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: нефрон

24. Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады?

Электролиттер

Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын, - дегендей,

ІІ – кезең. «Білгірлер сайысы» бөліміне кезек береміз. Мұндатәжіри

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 770.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 107

Похожие материалы