Cабақтытың тақырыбы: §37. Негізгі генетикалық ұғымдар

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Биология

Сыныбы: 9-сынып 

Cабақтытың тақырыбы: §37. Негізгі генетикалық ұғымдар                                                                                                        

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -  оқушыларға генетикалық ұғымдар туралы мағлұмат беру.                                                                                                   

Дамытушылығы - оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен               

байланыстыру арқылы білім мен біліктігін дамыту .

Тәрбиелілігі - оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп,  адамгершілікке тәрбиелеу.                                  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану, Тарих                                  

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,баяндау.

Сабақтың барысы:         І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                            ІІ.   Жаңа сабақты түсіндіру.

                                            ІІІ.  Бекіту

                                            ІV.   Қорытындылау

                                            V.  Бағалау

                                            VІ. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақты түсіндіру

Генетика (грекше — тууға қатысты) дегеніміз — организмдердің тұкым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін биологиялық ғылым. Генетика ғылым   ретінде XX ғасырдың бас кезінде белгілі болды. Генетиканың қалыптасуына: а) XIX ғасырда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынын дамуы; ө) өсімдіктер және жануарлар селекциясы; б) Ч.Дарвиннің "түрлердің пайда болуы", "Үй жануарлары мен өсімдіктердің өзгергіштігі"; в) 1980—1990 жыддарда редукциялық беліну, өсімдік-тердің ұрыктануы — кариокинездін ашылуы; г) әрбір түрге хромосома санының турақты болу занынын шығарылуы; г) 1900 жылы үш ғалымның —Де Фриз (Голлан-дяя), Корренс (Германия), Чермак (Австрия) 1866 жылы ашқан .

  Генетика ғылымы. Адамды өте ерте кезден-ақ бидай дәнінен бидай өсімдігі өсетіні, ақ қойдан ак қозы туатыны, тауық жұмыртқасынан балапан шыгатыны таңғалдырып келді. Өсімдіктер мен жануарлар өз ата-аналарының көптеген белгілерін қайталайды. Бір үйдегі балалар да өз әке-шешелеріне, аға-інілеріне, апа-қарындастарына ұқсайды. Ұқсастыктарымен қатар кейбір өзгешеліктері де байкалады. Мүның себебі неде? Бұл сұрактардың шешімі генетикалық зерттеулер нөтижесінде табылды.

'Генетика ғылымы казіргі заманғы биологияның негізі. Ол тірі организмдерге тән бір-біріне байланысты екі касиетті — тұкым куалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

Тұқым қуалаушылықдеп организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.

«Өзгергішт», керісінше, организмдердін жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. Кез келген организмдегі жаңа белгілер өзгергіштікке байланысты қалыптасады, ал тұқым қуалаушылық сол белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері және олардың әр қилы тіршілік орталарына бейімделуі осы тұқым қуалау­шылық пен өзгергіштіктің нәтижесі. Тіпті жер бетінде бір жұмыртқалық егіздерден басқа бір-біріне  катесіз ұқсас екі адамды кездестіру мүмкін емес. Адамдардағы көздің, терінің, шаштың түсі, құлактың, мұрынның пішіні, оқуга зеректік, спорт пен музыкаға қабілеттілік, т.б. көптеген белгілер де тұкым қуалаушылық пен өзгергіштікке байланысты қалыптасқан. Ертедегі адамдар үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өнімділігін жаксарту үшін тірі организмдерге тән осы қасиеттерді пайдаланған. Бірақ оларға тұқым қуалау заңдылықтары мен өзгер-гіштіктің себептері көпке дейін белгісіз, түсініксіз болды.

 Чех ғалымы Грегор Мендель белгілердің түкым қуалау заңлылықтарын ашып, генетика ғылымының негізін қалады. Ол 1822 жылы Чехияның Гинчица дегеп елді мекенінде кедей шаруанын отбасында дүниеге келді. 1840 жылы Брюнне (казіргі Брно) каласындагы Августин монастрына тындаушы болып орналасты. Оны бітірген соң Вена университетіне түсіп, екі жылдай жаратылыстану мен математиканы окып үиренді.Мендель 1856 жылы монастырьға кайтып келіп, өмірінін соңына дейін монах қызметін атқарды.

 

ІІІ.  Бекіту

1.     Генетика ғылымы нені зерттейді?

2.     Григор  Мендельдің қысқаша өмірбаяны.

3.     Зерттеу жұмысына Г. Мендельдің гибридологиялық әдісі.

 

 

ІV. Қорытындылау

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма   §37

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 728 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 194

Похожие материалы