Әдебиет-сөз өнері, тарих айнасы

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әдебиет-сөз өнері, тарих айнасы

(9 сынып оқушыларына арналған пікір-сайыс кешінің жобасы)

Жұмыстың мақсаты- жас ұрпаққа ұлттық ауыз әдебиеті түрлерінің тіліміздегі сөздің көркі екендігін ұғындыру, сөз мәнісін терең ұғынуға, логикалық ойлауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, ана тілімізді ардақтап бағалай білуге үйрету, сол арқылы адамгершілік, ұлттық тәрбие беруге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кеште қамтылатын тақырыптар:

1. Мақал-мәтелдер;

2. Шешендік сөздер;

3. Айтыс өнері.

Жүргізуші: Әрбір жеке халықтың өмірлік тәжірибесі айқындалған биік адамгершілік, азаматтық, кісілік қасиеттерінің сырын ашып, бағасын беретін рухани асыл мұрасы- әдебиеті. Біз үшін ол- қасиетті қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиеті- әлемдегі аса бай, көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны терең әдебиеттерінің бірі. Ол –сонау Күлтегін жазбаларынан бастау алып, орта ғасыр ойшылдары Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иассауи еңбектерімен сабақтасып жатыр. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар, Ақтамберді, Махамбеттердің ерлік пен елдікті ту еткен асқақ жырлары, бабаларымыздың ұрпағына қалдырған ұлағатты сөдері, Шоқан, Ыбырай, Абай мұралары, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов одан бергі М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеев, М.Мақатаев шығармалары- тебіреніс пен тереңдік астасқан, ой мен сезімге толы, құндылығы арнасынан асып төгілердей жоғары, рухани мол қазына.

Елінің қамы үшін тебірене толғанған Сыпыра, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Марқасқа, Махамбеттің арқалы шабытын, жерінен ел кеткен зар заманда қабырғаларыв қарс айрыла жырлаған Бұхар, Шортанбай, Дулат Мұрат, Қашаған, Сүйінбай зарын, халқын күйзелткен көп сауалдың мәселесін шешуге бел байлаған А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов тағылымын, одан бергі М.Жұмабаев, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов қалдырған мол әдеби мұрамызды жеткізген асыл қазынамыз- ана тіліміздің парасат-парқы өрлеп, ұлттық рухани әлеміміздің төрінен орын алуы тиіс.

Әдебиетті жасайтын- ой мен тіл. Ата-бабамыз қалдырған асыл ойы мен тілін жаңа, кейінгі ұрпаққа жоғалтпай жеткізетін – әдебиет. Бүгінгі әдебиетіміздегі- ауыз әдебиетінің үлгілері мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс өнері баға жетпес ұлттық құнды қазыналарымыз. Өздеріңізбен бірге өткізгелі отырған бүгінгі «Әдебиет- сөз өнері, тарих айнасы» атты кешімізде осы тақырып төңірегінде өз ой-пікірлеріңізді білдіріп, сұрақтар беріп, кеш жұмысына белсенді қатысуға шақырамын.

Мақал-мәтелдер- ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, ақыл-өнегесі тоғысқан. Халық даналығының ерекшелігі- үлкен ойды асқан шеберлікпен аядай қалыпқа сыйғызған ой дәлдігімен, тереңдігімен кейінгі ұрпаққа қалдыра білуінде.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.89 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 129

Похожие материалы