Әдебиеттік оқу; "Әлихан Бөкейханов"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов» қазақ меткбінің 3- сыныбына арналған.

Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының топтастыру, тұлғаны таны, ақпарат парақшасы, эссе жазу секілді стартегиялары пайдаланылды.   Сабақтың  жоспары  өмірмен, оқушының бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыру мақсатында құрылған. Сабақ жоспары жәйден күрделіге, жекеден жалпыға , оқытудың ғылымилығы принциптеріне негізделген. Тапсрымалар деңгейі оқушылардың білім деңгейі, шығармашылық қабілеттері мен жас, жеке бас ерекшеліктері ескеріліп жасалған. Сабақ та пәнаралық байланыс: музыка, сурет, тарих пәндері арқылы жасалған. Күнделікті өмірмен байланыстылығы ескерілген. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға туған жердің азаттығы мен бостандығыүшін жанын пида еткен, Алаш партиясының жетекшісіӘлихан Бөкейхановтың өмірімен таныстыру.  Өлеңді мәнерлеп оқуға және  танымдық білімдерінарттыру, ой өрісін жан жақты жетілдіру. Сөз қорын  байыту.Қорытынды жасау  дағдыларын арттыру.Оқушыларға қазақтың  мақтанышын үлгі ету.Отанын туған жерін сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу.Түрі :  дәстүрлі,   аралас сабақ  Көрнекілігі:  сызба , портрет,ақпарат парақшасы, интерактивті тақта.Әдіс-тәсілдер:  баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,ой толғаныс.Күтілетін нәтиже: мұғалім берген тапсырмаға байланысты оқушылар  дәлеледемелер дайындайды, командамен жұмыс жасай алады. Оқушылар шығармашылық. логикалық ойлау қабілеттері мен өз ерік жігерлерін көрсете алады. Өз ұстанымын қорғай алады. Мәтіннен  және қосымша материалдардан тақырыпты ашуға қажетті мағлұматтарды тере алады.Мәтінді білетінін көрсетеді.

Сабақтың біріші кезеңінде психологиялық дайындығы тексеріледі.Үй тапсырмасы сұрақ- жауап, баяндау арқылы тексеріледі.Үй тапсырмасы топтастыру әдісі арқылы қортындыланады.Ашық, жабық, түсіндірме сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы қортындыланып, тірек – сызбасына жазылады.Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздері анықтайды.Мәтіннің авторымен таныстырылады және тарихи мағлұматтарды еске түсіру үшін «тұлғаны таны» тапсырмасы беріледі.Сабақ барысынды АҚТ орынды пайдаланылды.  Жаңа тақырыпты мңгеру барасында мәтінді іштей оқу, тауып оқу, теріп оқу тәсілдері пайдаланылады. Сөздік жұмысынан кейін шығармашылық тапсырма Ойлы болсаң ,озып көр! жұмысы арқылы мәтін бойынша жұмыс ұсынылады.Ақпараттық карточка арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. «Алихан» тақырыбына топтастыру кестесі құрылып, қортындыланды. Бағалауды мұғалім сабақ соңында тақырпты меңгеру деңгейіне қарай жасайды. Үй тапсырмасы шығармашылық бағытта беріледі. Ол:   “Алихан  Бөкейханов” түсініп оқу “Үлгілі  өмір”  тақырыбында  эссе жазу.Сабақта пайдаланылған әдіс- тәсілдер оқушылардың белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалан білуге үйретуде мұғалімге көп көмек болады.

 

 

 

                                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 99.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 125

Похожие материалы