Әдебиеттік оқу тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова (4 сынып)

Предмет: Украинский язык
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

2. Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

3.Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.
Тақтамен жұмыс
«Туған өлкем-тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.


Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?


  • Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.

  • Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?

  • Қазақ халқы?
  • Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.

    Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.
















    оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді.


    Мысалы,

    1-топ батырлықты дәріптейді.
    2-топ қонақжайлықты кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.
    3-топ өнерлерін көрсетеді.
    ІІ. Мағынаны тану.
    -Ақын Күләш Ахметова «Қазағым менің» деген өлең жазған екен,- деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.
    Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.
  1. топ. өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?
  2. топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
  3. топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?Сергіту сәті
    ІІІ. Ойтолғау.
    Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мыпза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.
    Өлеңді мәнерлеп оқыту.
    а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру.
    Қ.Мырзалиев К.Ахметова
    «Қазақтарды шетелдік «Қазағым менің»

    қонақтарға таныстыру»


    ә) Сабақ басындағы топтауға қайта оралып, Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны жасыл маркермен толықтыру.

    Енді топтаудың төбесіне «Қазағым менің» деген сөз жазылады.
















  • Егерде қазақ туралы тағы басқа ақындардың жазғандарын оқи берсеңдер, халқымыздың басқа да көптеген қасиеттері жазылатыны сөзсіз.
    Бүгін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?
  • Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық.
  • Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?
  • Сабақ кезінде, тапсырмаларды орындағанда, топталып жұмыс жасаудың қандай жақсы жақтарын байқадыңдар?..Мұғалімнің уақытты үнемді пайдалануы – басты өлшем.
    Үйге тапсырма:
    «Қазақ» сөзіне бес жолды өлең құрау
  • «Мен бақыттымын» тақырыбында эссе жазу
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.62 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 103

Похожие материалы