Деңгейлі бағдарлама-кәсіби дамуымның негізі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

  Бүгінгі таңда білім берудің алдында жоғары талаптар қойылып отыр. Білім берудің басты мақсаты жан-жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру. Үш айлық деңгейлік курстан өткеннен кейін алдымда үлкен мақсаттың тұрғанын білдім. Бағдарламаның негізгі идеялары  мен 7 модульді ықпалдастыра отырып,педагогикалық тәжірибеме өзгерістер енгізудемін.Енгізілген өзгерістер оң әсер беруде.Себебі дәстүрлі сабақ балаларды еш қызықтырмағанын,барлық сабақ өте қарапайым ,бір-біріне ұқсас оқушы сабақ айтады,мұғалім түсіндіреді,дайын білімге ғана қол жеткізгенімізді ойласақ біз өте қателескен екенбіз. Қазір мен әр жұмысыма рефлексия жасап, келесі күнге ауқымды жоспар құрып отырамын. Өз жұмысымды өзім жеке орындамай мұғалімдер арасында ынтымақтастық орнатып,жақсы идеяларыммен бөлісудемін.  Бұл қауымдастық тәжірибе алмасуға өте тиімді. Пікіріңді білдіресің,басқаның пікірін біле аласың.Жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолдансақ оқу мен оқытуда белгілі бір табыстарға жететініміз анық.

 Әрбір сабағымда оқушының жас ерекшелігіне сай деңгейлік тапсырмалар беру,дарынды , талантты балаларды анықтау,оқушының көшбасшы болуына ықпал ету жұмыстары жүзеге асуда.Сыныпта топпен,жұппен,жеке жұмыс істеуге дағдыланды. Оқушылар сыныптастырымен ой бөлісуге асығады. Олар бір-бірінің жетістіктеріне қуана алады. Әсіресе сабақ үстінде оқушылардың өзін-өзі бағалауы өздеріне қатты ұнайды. Кейде байқап тұрсам, бәсекелестік қабілеттері де оянғандай. Ойларын еркін,ашық айтып келесі сабақтан нені күтетіндерін де айтып жатады. Сабақта оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болғанын қалаймын. Сабақта  мен  тек бақылаушымын.  Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ  мүлдем өзгеше өтері хақ. Сыныпқа кірісімен оқушылардың сауалы « мұғалім біз бүгін  сабақта не істейміз?»,немесе «топқа қалай бөлінеміз?» деп күнделікті сабақ тәртібіне бейімделді. Әдебиеттік  оқу сабағында «Туған өлкем-тұнған шежіре» тарауында эпостық батырлар жыры үлгілерінен үзінділермен танысып жатырмыз. Балалар сабақта батырлар тақырыбына байланысты 5 жолды өлең шығару , шағын әңгіме жазу, флипчартта жұмыс жасау, адам бойындағы ажырамас қасиеттерді бойларына сіңірту мақсатында  балалармен жан-жақты жұмыс жасалуда. Жаңа материалды өздері оқиды,түсінгендерін бір-біріне айтады, бір-бірін оқытады, топта талдайды,  қорғайды, дәлелдейді. Кім қаншалықты дәрежеде білетінін оқушылар байқап отырады бір-бірін бағалайды қойған бағасын дәлелдейді. Бағалау парағын сабақта ұдайы таратып отырамын. Балалар өздерін , бір-бірін бағалағанды  ұнатады. Себебі балалар шындықты тез байқайды 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.76 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 86

Похожие материалы