Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы, қуат тақырыптарына есептер шығару- 7 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің    

                                           жұмысы мен қуат тақырыптарына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

•         Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіру, алған білімдерін пысықтау.

•         Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

•         Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін арттыру,шығармашылыққа баулу,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру,  салыстыру

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, презентация, деңгейлік тапсырмалар, электр лампасы, қуаты әр түрлі лампалар, жүк, гантель

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Әр топ постер қорғайды.

1-топ. Тұрмыстағы  жұмыс

2-топ. Механикалық  жұмыс

3-топ. Тұрмыстағы жұмыс пен механикалық жұмыстың   айырмашылығы

4-топ. Қуат

III.Физика өмірде   (Тәжірибе)

1-топ.Электр лампасы. Қуаты әр түрлі лампалар.(Қуат)

2-топ. Жүк (Механикалық жұмыс)

3-топ. Гантель  көтеру (Тұрмыстағы жұмыс)

 4-топ. Сарапшылар(Үш топтың бағасын береді)

IV.Есептер  шығару (4 топқа деңгейлік есептер беріледі)

1-топ:

1) Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

2) Салмағы  4 кг  жәшікті  2,5 ке биіктікке көтергенде  істелген   жұмыс неге тең?

3) Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап  ағады.Су ағынының қуаты қандай?

2-топ:

1)Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20м құдықтан

15 секунд ішінде көтеріп шығу үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай?

2) Массасы  0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің  жұмысын   анықтаңдар?

3) Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж  жұмыс атқарса  , оның  қуаты неге тең?

3-топ:

1)Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20 с-та өтеді. Оның тарту күші қандай?

2)Ат арбаға 400Н күш түсіре отырып, 0,8м/с жылдамдықпен оны бірқалыпты тартып келеді. Бұл жағдайда 1 сағатта қандай жұмыс істеледі?

3)Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биікттікке 10 минут ішінде көтерілетін болса, баланың өндірген қуатын анықтаңдар.

4-топ:

1)Поршень насосына 204 Н күш әсер етеді. егер поршеннің жүрісі 40 м болса, поршеннің бір жүрісі ішіндегі істелген жұмысы неге тең?

2)Қуаты 600 Вт  “Ертіс” велосипеді 30 секундта қандай жұмыс істейді?

3)Жүк тасу кезінде өздігінен түсіретін машина 27000 Дж жұмыс атқарады. Осы машина 15 минутта қандай қуат өндіреді?

 

V.Жинақтау

Сәйкестікті тап (сәйкес формулаларды орнына қою)

Бес жолды өлең (қуат, жұмыс)

 

VI.Қорытындылау,  бағалау.

 

VII.Үйге тапсырма: §51, 52

 

Шығармашылық жұмыс: Джеймс Уатт жайында деректер жинау 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.71 Kb
Количество скачиваний: 41
Просмотров: 224

Похожие материалы