Дүниетану 2-сынып Тақырыбы: Топырақ.
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
2-сынып дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Топырақ.
Сабақтың мақсаты: 1. оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау; 2. топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы мағлұмат беру; байқампаздықтарын, әуесқойлықтарын және ақыл-ойларын дамыту. 3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек қағаздар, бір стақан су, сорғыш қағаз, таяқшалар, штатив, ұстағыш, топырақ қабаттары бейнеленген сурет.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 35-36 бет. Суды қорғаңдар. Әңгімелеу.
ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі. Кіріспе әңгіме.
- «Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- Жер - құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ.
- Дұрыс. Бүгін біз топырақ, топырақтың құрамы, оның қасиеттері және пайда болуы туралы өтеміз.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Топырақ дегеніміз не?
Тақтаға топырақтың қабаттары бейнеленген сурет ілінеді. Оның жанына «Топырақ - жердің өсімдік өсетін, құнарлы, беткі қабаты» деген плакат ілінеді.
- Топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?
- Топырақ неге құнарлы болады?
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
|---|---|
| Размер: | 10,5 КБ |
| Количество скачиваний: | 85 |