Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы «Ауаның құрамы. Ауа қабығы» 4- сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Калижанова Айнагуль Рамазановна
|
Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы «Ауаның құрамы. Ауа қабығы» 4- сынып
Мақсаты:1.Оқушыларды ауаның құрамымен,ауа қабығымен,тіршілік үшін маңызымен таныстыру.
2.Дүниетанымын кеңейту,ой-өрісін дамыту.Пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Қоршаған ортаны таза ұстауға,өсімдіктердің өсуіне өз үлестерін қосуға баулу.
Түрі:аралас сабақ.
Типі:жаңа білімді меңгерту.
Әдісі:сұрақ-жауап,Венн диаграммасы,әңгімелеу,түсіндіру,сатылай талдау технологиясы.
Көрнекілігі: «Ауаның құрамы»атты тірек сызба, шар,бір стақан су,суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Қоршаған орта табиғат,
Жануар,өсімдік,адамзат,
Сүю,қорғау-парасат
Білейік мұны жамағат.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1)-Суды қалай қорғаймыз? деген тақырыпта қорытынды пікірлерін айту.
2)Су туралы мақал-мәтел айту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1)Қызығушылықты ояту.
-Балалар,адам өміріне ең қажет не?
-Балалар,біз қалай және немен тыныс аламыз?
-Демімізді ішімізге ұстап қанша уақытқа шейін тыныс алмай тұра аламыз?
Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу.
1-тәжірибе.Шарды үрлеп,сонан соң оның желін шығарады.
-Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?
2-тәжірибе.Екі ұртыңды ауамен толтыр да,екі саусағыңмен ұртыңды бас.Не байқадың?
2)Мұғалімнің түсіндірмесі
-Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз-Жерді қоршап тұр.Осы қабатты атмосфера деп атаймыз.Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды.Егер ауа қабаты жойылып кетсе,онда тіршілік жойылады.Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.Енді ауа суда да,топырақта да бар.
тыныс алу үшін мөлдір,түссіз
серпіледі Ауа иіссіз
сығылады пішіні жоқ
Тәжірибе жасау.
Бос шыны сауытты түбін жоғары қаратып,суы бар ыдыстың ішіне төңкереміз.Шыны ішіне су кірмейді.Себебі оның ішінде ауа бар.Шыны сауытты бір жағына қисайт.Жоғары қарай көпіршіктер шығады,ал сауыттың ішіне су кіре бастайды.Яғни ауадан босаған орынға су толады.
Азот
Көмірқышқыл
оттегі Газы
оттегі
-Ауаның құрамы қандай?
Тірек сызбамен жұмыс
Азот-78
Көмір қышқыл газы -1
Оттегі-21
3)Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді оқу.
-Оқушыларға оқыту,талдау.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Сатылай талдау технологиясы арқылы бекіту.
Ауа
Тыныс алу үшін.
Мөлдір жіне түссіз.
Пішіні жоқ.
Сығылады,серпіледі.
От жану үшін керек.
Таза ауада иіс болмайды.
Ауасыз адам,жануар және өсімдік өмір сүре алмайды.
Ү.Үйге тапсырма:64-66 бет мазмұнын айту.
ҮІ.Қорытынды.
-Ауа неден тұрады?
-Азот ауаның неше пайызын құрайды?
-Ауаға су буы қайдан келеді?
-Азот оттегіденнеше есе көп?
-Ауаны оттегіне байытатын нелер?
ҮІІ.Оқушыларды бағалау,мадақтау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 34 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |