Дүниетану пәнінен ашық сабақ.Тақырыбы: «Өсімдіктердің көптүрлілігі»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сайранбекова Шырайлым Сайранбекқызы
|
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің көптүрлілігі»
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:Бүкіл өсімдік әлемі үш топқа бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру. Өсімдік мүшелері туралы ұғым беру.
2) Өсімдік туралы білімдерін толықтыра отырып, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу.
3) Өсімдіктердің пайдасы туралы айта келіп, экологиялық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиеге негіз қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі:Интерактивті
Көрнекілігі:1)Интерактивті тақта
2) Электронды оқулық
3) Өсімдіктердің жеке топтама суреттері.
Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) сабаққа даярлау
-Балалар, бүгінгі сабағымызда электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргіземіз.
Ой шақыру. Сабағымызды бастамас бұрын жұмбақтар шешейік.
Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай. (қарбыз)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
Тікен- тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)
Қараңғыда ұшады, құбылады,
Жарық көрсе қашады, тығылады. (жапалақ)
Киімі ала, ісі шала,
Мекені – орман дала. (сауысқан)
- Балалар, жұмбақтардың шешуін қайталап айтып шығайық.
-...
- Өткен сабақтан естеріңе түсіріп көріңдер, олар табиғаттың қай түріне жатады?
-...
- Неге тірі табиғатқа жатады?
-...
- Тірі табиғатқа тағы нелер жататын еді?
-... (Адам, жануарлар, өсімдіктер)
- Олай болса, бүгін "Өсімдіктер әлемі" тақырыбымен танысамыз.
ЭО-тың " Өсімдіктер әлемі " тақырыбы
- Балалар, өсімдіктердің сендер білмейтін көптеген құпиялары бар.
Өсімдіктердің түрлерін, құпияларын білгілерің келе ме?
Ендеше зейін қойып мұқият тыңдаңдар.
II. Жаңа сабақ (Бейнеқатарды плеермен тоқтата отырып, сұрақ-жауап әдісімен түсіндіру)
ЭО-тың 1м-3ш.м түсініктемесін тыңдату
1) - Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
-...
2) - Өсімдіктердің қандай мүшелері бар?
-...
3) - Тамыр деген не?
-...
4) - Жапырақ туралы не білесіңдер?
-...
5) - Сабақ өсімдіктерде бірдей ме?
-...
6) - "Тұқым мен жеміс" дегенді қалай түсіндің?
-...
7) - Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
-...
( Бейнеқатарды плеермен тоқтата отырып, жеке-жеке түсіндіру).
- Балалар, өсімдік түрлері өте көп. Оны сендер күнделікті өмірде көріп байқап жүрсіңдер.
- Сендер, айналадан қандай өсімдіктерді көріп тұрсыңдар?
-...
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдыңнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
- Сендер қандай ағаштарды білесіңдер?
-...
- Біздің еліміз өсімдікке бай. Өсімдіктер орманда, далада, тауда, суда да өседі. Сондықтан өсімдіктердің үш тобы бар. Олар ағаш, бұта, шөп.
Интерактивті тақтада жұмыс (тақтада ағаш, бұта, шөпті көрсету немесе ЭО-тың қызықты тапсырмаларын тыңдату арқылы түсіндіру).
ЭО-тың " Өсімдіктер әлемі " таұырыбынан үзінді
- Өсімдіктердің ұқсастығы не? Салыстыр. (мүшелері)
- Олардың айырмашылығы да бар. Анықта.
- Кәне, қоректену жағынан қандай ұқсастық бар?
-...
- Күннің көзі бәріне де керек пе?
-...
- Өсімдіктер ауасыз өспейді.
- Көктемде не үшін ағаш отырғызамыз?
-...
-Ағаш сабағы қалай аталады?
-... (дің)
- Ең биік өсімдік не?
-... (ағаш)
- Барлығының ұқсастығы олар өлі табиғат заттарын пайдаланады екен.
Ойын : Топқа бөл. Өсімдік суреттері көрсетіледі, оны оқушылар оның қай топқа жататынын айтуға тиіс. (әр түрлі ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктерді көрсету).
III.Жаңа білімді пысықтау
ЭО-тың 1м-3шм-1т тыңдау орындау
1)Өсімдік мүшесі деген не?
-...
2)Гүл өсімдіктің қай тобына жатады?
ЭО-тың 1м-3ш.м-2т. Өзіндік жұмыс
1) Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
-...
- Еменнен үй жиһаздары жасалады.
- Ақ қайыңнан шырын алынады, оның емдік қасиеті бар, т.б.
2) Жапырақтың түсі неге өзгереді деп ойлайсың?
(1м- 3ш.м-3т, 1м-3ш.м-4т орындау)
1) Жеуге жарамды өсімдікті ата.
-...
2) Тірі табиғат заттарын ата.
-...
3) Қандай гүлді өсімдіктерді білесің?
-...
4) Өсімдік не арқылы көбейеді?
-...
IV.Сабақты бекіту:
- Балалар, біз "өсімдіктер әлемімен" таныстық.
-Қазір мен сендерге 3 түрлі тапсырма беремін, соны дұрыс орындай алсаңдар, онда бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді байқатасыңдар.
Тапсырма: (Әр оқушы 1 жеміс, 1 ағаш, 1 шөп текті өсімдік атын айту керек).
V. Қорыту:
- Осымен сабағымыз аяқталды.
- Сабағымыздың жақсы өтуіне сендердің көп үлестерің тиді. Сау-саламат болыңдар!
- Үйде ЭО-тың тапсырмаларын қайта қарап шығып, қызықты тапсырмаларын тыңдап
Тип материала: | Архив ZIP (zip) |
---|---|
Размер: | 166 Kb |
Количество скачиваний: | 4 |