Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы   Әбіләкімқызы Нұрай «№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ 4 «Б» сынып оқушысы   Омарова Шолпан, «№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы,Шиелі кенті     Өз тегін, ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді. І.Жансүгіров             Сыр бойындағы сұлу мекен, жергілікті ақындар Швейцарияға теңеп жырға қосқан киелі Шиелі өңірі тарихи тағылымы мол мекен. Теріскейін қарт Қаратау, оңтүстік сұлу Сыр өзені алып жатқан аймақ аралығында орналасқан Шиелі өңірі өзіндік мәдениетімен дараланатындығы көптеген әдеби шығармалармен қатар, бірнеше зерттеушілерінің шығармаларына арқау болған аймақ. Бұл өңірде талай – талай ел қорғаған батырлар, аузымен құс тістеген ақындар «ердің құнын бір – ақ ауыз сөзбен шешкен» шешендер, әсем ән сазын қалыптастырған тұлғалар өмір сүрген.             Сыр елі – жыр елі аталса, соның шұрайлы бір өңірі – Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы. Бұл өңірден де небір дүрлер, шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан өлке. Ойымыздың негізгісіне көшсек, шежірелі Шиелі өңіріндегі айтулы өнер иелерінің қатарында атағы алты алашқа жайылған ақын Бұдабай Қабылұлы болатын. Ол Шиелі өңірінде 1842 жылы дүниеге келіп, 1912 жылы 70 жасында қайтыс болады.Бұдабай суырып салма айтумен жазып айтуды қатар меңгерген сөз зергері. Жайшылықта аузынан сөзі түсіп қалатын, өлеңге келгенде бұлбұлдай сайрап жөнелетін, бойына өлең қонған, әйгілі ақын болған.             Шиелі өңіріне ғана емес, жалпы қазақ жұртшылығына танымал тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы өнерімен, батырлығымен, серілігімен танылған тұлға. Туып - өскен жері негізінен Арқа аймағы болғанымен негізгі ата жұрты болып саналатын Сырдың бойы Иманжүсіп бабамыздың өмірінің ақырғы кезеңдері өткен жер. Бұл жайында көптеген басылымдар айтылып та жазылып та жүргендіктен біз Иманжүсіп бабамыздың Сыр бойындағы ағайынына оралу кезеңіне тоқтала кеткенді ғана жөн көрдік. Иманжүсіп Құтпанұлы 1913 жылы Арқадан Сыр бойына көшіп келеді де, оның бірге туған бауырлары Ақшабай мен Шоңай өздері туып - өскен, кіндік қаны тамған Арқада қалады.Елінің, жерінің азаттығын аңсаған бабамыздың ағайын ортасына келгенде де елімізді,жерімізді отарлаушы коммунистік империяның қызыл жағалыларымен жағасуы тоқтамайды. Патша заманын былай қойғанда, кеңестік дәуірде де қуғын – сүргіннен көз жазбай өткен Иманжүсіп бабамыздың өмірінің соңы НКВД түрмесінде азаппен аяқталған. Осындай өмір жолының шырғалаңға толы сәттерінде өмір болмысының қиянаттарына жаны шыдамаған Иманжүсіп Құтпанұлы бірнеше өлеңдер мен толғаулар қалдырып, сол шығармаларына ән шығарып, өнерімен де ерекше танылған дарын иесі.             Шиелі өңіріндегі шешендер мен билерді сөз еткенде солардың ішінде ерекше болмысымен биік көрінетін Досбол датқа Қорлыбайұлы. Досбол датқа Қорлыбайұлы Шиелі ауданына қарасты Жөлек өңірінде 1800 жылы дүниеге келген. Арғы атасы – көзей қыпшақ.             Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып айтатын беделді би, буынсыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқпас, шипа сөзді шешен.             Досбол датқаның есімі тек Сыр өңіріне ғана емес, күллі қазаққа танымал. Бірақ, 1993 жылы шыққан «Қазақтың би шешендері» деген атпен жарық көрген (авторы: Н.Төреқұлов, М.Қазыбеков) кітапта: «Досбол Қорлыбайұлының ғұмырнамасы әлі анықтала қоймаған. Қай жылы туылғаны, қай елден шыққан шешен екені де белгісіз» деп жазады. Бұл авторлар тарапынан жіберілген үлкен қателік. Себебі, біз жоғарыда айтып өткендей, Досбол датқа тарихи үлкен орны бар айтулы адам, сөзге жүйрік шешен, ел бастаған көсем. Оның немере, шөберелері қазір Шиелі ауданында тұрады.             Есімі елге белгілі күллі қазаққа танымал, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ,» - деп қара қылды қақ жарған әділ би Досбол датқа 1890 жылдары 90 жастан асып барып дүние салды. Бейіті «Оқшы ата» әулиелер мазарында.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 459 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 158

Похожие материалы