Енді соғыс болмасын! Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық... 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма¬нияның қарулы әскерi Белорус¬сия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Енді соғыс болмасын!

Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық...

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма­нияның қарулы әскерi Белорус­сия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы бас­талыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам азамат ат­танып, 800 мыңы қайта оралып, 600 мыңы ерлiгi үшiн түрлi марапатқа ие болған едi.

Соғыс жылдарында мыңдаған концлагерьлер салынып, ондағы адамдардың басым көп­шiлiгi азапталып өлтiрiлген екен. Адамдарды газбен улап, пешке жаққан. Германияға күнделiктi тауарлар қажет бол­ғандықтан, адамдардың шашта­рынан – мата, майынан – са­бын жасаған. Соғыстың осын­дай жан түршiгерлiк әрекетте­рiн кiтап­тан, ардагер ата-аға­лардан естiген едiм. Соғыстың жалы­ны қазақ жерiн де шар­пы­ды. Батыс Қазақстаннан 500 шақырым қашықтықтағы Ста­линград түбiнде үлкен ұрыс болған.

Жылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тари­хында Ұлы Отан соғысының iзi мәңгi өш­пейдi. Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттан­ды. Бойларын рух пен намыс кернеген абзал аза­маттар ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың орта­сында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа үм­тыл­ды.

Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретiнде қалдырған дарқан дала­сында қанат жайып, өркендеп, өсiп келедi. Бабалар ерлiгi өш­пек емес.

Мiне, Жеңiстiң ұлы күнi. Осындай бейбiт күндi сыйлаған ата­ларымызға мың алғыс. Егер бабалар болашақ үшiн ерлiк көрсетпегенде, бiз осылай өмiр сүрмес те едiк... Олар жерi, елi үшiн шайқасқа түсiп, кеудесiн оққа тосты. Отан соғысында ерлiк көрсеткен жүзге жуық қазақ азаматы Кеңес Одағының батыры атағын алды. Әлия мен Мәншүктей апаларымыз қазақ қыздарының қайсарлығын көрсеттi. Бiздер, жастар, ғылымда озық, өмiрде тәрбиелi, ұлтжанды бол­уы­мыз қажет.

Бiз, батыр ұлттың ұрпақтары, соғысты болдырмауға және Отанымызды сатпауға, елiмiздiң тыныштығын сақтауға уәде беремiз.

Пернебай Анар

ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы

Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы

орта мектебінің 9 сынып оқушысы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.37 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 165

Похожие материалы