Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Пән: Физика

Сынып : 9 «А»

Сабақтың тақырыбы :Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

Сабабақтың мақсаты: Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану.

Сабақтың құрылымы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

2.     Үй тапсырмасы: Қызығушылықты ояту.

3.     Мағынаны түсіну.

4.     Білімді бекітуге арналған есептер.

5.     Тест тапсырмалары.

6.     Анықтама кестесі.

7.     Білімді  бекітуге  арналған  тапсырмалар.

8.     Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрау

   І деңгей :

Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия)  деп атаймыз.

2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия)   деп атайды.

3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.

4. Энергияның өлшем бірлігі   (Джоуль)

5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері  (жұмыс)  -ты береді.

ІІ деңгей :

1. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:

2. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:

3. Кинетикалық энергия өрнегі : 

4. Потенциалдық энергия өрнегі:

5. Механикалық энергия өрнегі:

ІІІ деңгей:

1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с

2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте

Мағынаны түсіну.

Жаңа сабақ  :

 

 

 

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

 

Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі  тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.

Ек  + Ек  =Еп +Еп

Энергияның сақталу заңынан мынандай тұжырым жасаймыз:

Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады. 

Есеп шығару мысалы.

Массасы 250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары  лақтырылды.

1.     Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;

2.     Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;

3.     Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.

 

Білімді  тексеруге  арналған   есептер:

I-деңгей

1. Жер  бетінен  3,5 м  биіктікке  көтерілген  массасы  6 кг  дененің  потенциалдық  энергиясын  анықтаңыз.

2. 9 м/с  жылдамдықпен  қозғалатын  6 кг  дененің  кинетикалық  энергиясы неге  тең ?

II-деңгей

1. Қатаңдығы  10 4 Н/м  серіппе  3 см-ге  сығылғанда  оның  потенциалдық  энергиясы  қалай  өзгереді ?

2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен  7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? 

III-деңгей

Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

Тест  тапсырмалары.

1.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

A)   дененің қозғалыс энергиясы.         

B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.

C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.

D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.

E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2.Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты

А) 10с                              В) 5с                        С) 3с

D) 4с                                Е) 2с

3. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

А) а = F/m                  B) F·t          

C) p = m·V                 D) F=ma                E)mV2/2

4.Тұйықталғантраекториябойыменауырлықкүшініңжұмысы

A)   mgh                 B) 0             C) –mgh       

D) 2mgh              E) mgh/2

5.Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы

A) A = mgh1 – h2

B) A = – (mgh2 – mgh1)

C) A = mgh2 – mgh1

D) A = 0

E) A = mgh2

6. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі       в) күш моменті 

с) дене импульсі       д) күш                     E) энергия

  

7. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?

А) 5 Н         В) 1 Н         С) 3 Н       Д) 4 Н          E)  2Н

8. Механикалық энергияның сақталу заңы

A)   E=mgh                        B) E=mv2  /2

C)    Ek=Eт+Ep                 D) Eт=Ek+Ep            E)    Ep=Eт+Ek 

9.Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы

A) 12960 Дж                   B) 5000 Дж

C) 360 Дж                       D) 500 Дж

E) 180 Дж

10.Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы

A) 200Дж                      B) 50Дж

C) 0,005 Дж                    D) 0

E) 1800Дж

жауап кілті: 1С 2В 3С 4В 5В 6Е 7А 8Д 9Д 10Е

Анықтама  кестесі

 

р/с

физикалық шаманың атауы

белгіленуі

формуласы

өлшем бірлігі

1

Дене импульсі

 

 

 

2

Күш импульсі

 

 

 

3

Күш жұмысы

 

 

 

4

Ауырлық күші

 

 

 

5

Серпімділік күші

 

 

 

6

Кинетикалық энергия

 

 

 

7

Потенциалдық энергия

 

 

 

 

Білімді  бекітуге  арналған  тапсырмалар:

1. Дененің  толық  механикалық  энергиясы  дегеніміз  не?

2. Толық  механикалық  энергияның сақталу  заңы  қалай  тұжырымдалады?

БҮҮ  кестесін  толтыру.

білетінім

 

үйренгенім

 

үйренгім  келетіні

 

 

 

 

 

Үйге  тапсырма:

23.Энергияның  сақталу  және бір  түрден екінші  түрге  айналу  заңы.

20 жаттығу.

А.П.Рымкевич №345, №347

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.69 Mb
Количество скачиваний: 111
Просмотров: 458

Похожие материалы