Физиканы меңгере аламыз ба?

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Физиканы меңгере аламыз ба?

7-8-9-10-11 сыныптар аралығында өткерілетін көңілді тапқырлар сайысы.

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 7-8-9-10-11сынып оқушылары. «физиканы меңгере аламыз ба?» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер Барлығы 15 оқушы. «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойын аралас тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

Ендігі кезек әділқазылар алқасы. Сарапшылар: математика пәні мұғалімі метод бірлестік жетекшісі – Дарибаева Дамира,Өзін-өзі тану пәні мұғалімі психолог – Гүлсім Есболова Ахметқызы.

7-8сынып «Паскаль »тобы, 9- сынып «Ньютон» тобы, 10-сынып «Галлилей»тобы, 11-сынып «Архимед» тобы

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

  1. «Кім тілгер ?» — сәлемдесу
  2. «Кім білгір?» — сұрақ-жауап
  3. «Кім зерек?» — есептер шешу
  4. «Кім айтқыш?» — аспаптар атын айту, бір тапсырма алып берілген аспапты үнсіз қимылмен сипаттап беру
  5. «Кім жүйрік?» — формула жазу
  6. «Кім ойшыл?» — сөзжұмбақ шешу
  7. «Кім тапқыш?» — кубик ойыны

пәнаралық сұрақ

8. «Кім күшті?» — еркін тақырып (ән, би, көрініс,айтыс, жұмбақ)

1-шарт сәлемдесуде әр топтың топ басшысы өзінің тобын таныстырып сәлемдеседі.

Талаптың мініп тұлпарын
Келдіңіздер бүгін жарысқа
Танысып енді топтармен
Командалар сөз баста
Сәлемдесу салтымен
Сөз берелік әр топқа- деп

2-шарт- сұрақ –жауап оқушыларға викториналық сұрақтар беремін, ал әр топ бір-біріне 2 сұрақтан береді.

Қанеки,ойлан тап жылдам,
Тосырқап тағы сен тұрмай,
Келесі сайыс шарты бұл
Жауап бер, айтшы «кім жылдам?»

Викториналық сұрақтар: 1.Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен ?Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсацияланады.

2.Найзағай жарқылы көрінгеннен кейін біраздан соң ғана күннің күркірегені естіледі. Неліктен?Жауап: Найзағайдың ( жарықтың ) таралу жылдамдығы С=310 м/с, дыбыстың таралу жылдамдығы U=340 м/с, сондықтан Күннің күркіреуін соңынан естиміз 3. Судан шыққанда жануарлар сілкінеді . Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қай заңына негізделген ?Жауап: Инерция

4.Кім барлық тілде сөйлейді? (жангырык)

5.Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

6.Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

7.Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

9.Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

10.Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)

  • 11.Кемпірқосақ дегеніміз не? (жарықтың 7 түске жіктелуі, жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарады)

12.Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия)

13.Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?(көлеңке басталған жерде)

14.Атмосфералық қысымды немен өлшейді?(барометр)

15.Ұшақтың ұшу биіктігін немен өлшейді? (альтиметр)

16.Электр сымдарында отырған құстарды неге ток ұрмайды?(екі аяғы сымда болғандықтан, ток өтіп кетеді)

17. Күндіз теңіз желі қай бағытта соғады? Неге? (теңізден құрлыққа, судың жылу сыйымдылығы жоғары, аз қызады; ал жер тез қызып, бетінің ауа тығыздығы азаяды)

  • 18. Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты
  • 19.Кемпірқосақ қалай пайда болады? (жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарып, күннен келетін ақ жарықты7спектрге жіктейді)
  • 20.Неліктен құрылыста қуыс материалдарды пайдаланады? (ауа жылуды сақтайды)
  • 21.И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
  • 22.Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз? (суға саламыз, тығыздығына қарай батады)
  • 23.Сұйықтың тығыздығын немен өлшейміз? (ареометр)
  • 24.Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді? (манометр)
  • 25.Сұйық отын таситын автоцистерналы машинаның корпусына темір шынжырлар орнатылады, олардың ұшы жерге тиіп жүреді. Неге? (сұйық қозғалып шайқалғанда электрленеді, өрт шықпас үшін шынжыр жерменбайланысу арқылы өткізгіш қызметін атқарады)
  • 26.Түнде теңіз желі қай бағытта соғады? Неліктен? (құрылықтан теңізге, су күндіз біраз жылуды қабылдап бетіндегі ауа жеңіл болады, ал жер тез суиды)
  • 27.Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің? (шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)
  • 28.Тежелудің физикалық негізі неде? ( сырғанау үйкелісінде)
  • 29.Үлкен және кішірек екі шелекке толтырып су құйсаң, оның қайсысы инертті болады?
  • (үлкен шелектегі судың мөлшері артық, демек үлкен шелектегі заттың массасы да артық болады.

30.Жылдамдықты өлшеуге арналған прибор (спидометр)

3-шарт есептер шешу

Есептер сыры –қиын-ақ,
Тез,тап, ойлан жылдамдап.
Шешуін тапсаң ойланып,
Есептер деген-қызық-ақ

Есеп 7-8 сынып

1.Ыдысқа асал құйылған. Ыдыстың ауырлық күші 48Н. Ыдыс ауданы 0,008.Ыдыстың қысымын табу керек

2.Өткізгіш ұштарына 10В кернеу қойылғанда 5Дж жұмыс орындайды.

Өткізгіштен өткен заряд мөлшері неге тең?

9-сынып

1.4Н күштің әсерінен серіппе 0,02 м-ге ұзарады.Серіппенің қатаңдығы неге тең?

2. 4м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 3 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

10-сынып

1.q электр зарядын потенциялдар айырымы 8В болатын нүктелер арсынан алып өткенде ,электр өрісі тарапынан зарядқа әсер ететін күш 4Дж жұмыс атқарады.заряд неге тең?2. Егер 4м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 10кг дене тоқтағанға дейін 20м жол жүрсе , үйкеліс күшін есептеп шығару керек?(g=10м/с²)

11-сынып

1.Массасы 9 кг дене қатаңдығы 100Н/мсеріппеге бекітілген.тербелістердің меншікті жиілігін табу керек.

2.Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың заряды q=44•10 соswt заңы бойынша өзгереді.Кернеу 220ВКонденсатордың сыйымдылығы неге тең?

4-шарт аспаптар айту

Ыммен айтар ойынның шартыменен,
Қиналар ол «Түсінші мені» деуменен
Шын алғыр озып шығар бұл сайыста
Жасырған аспапты тауып ымдауменен

Әр сыныптан бір оқушы өзінің білген аспаптар атын айтады, қай топтың көбірек айтуына қарау, одан соң берілген 4 тапсырманың біреуін алып аспапты үнсіз қимылмен сипаттап беру.

5-шарт кім жүйрік формулалар жарысы

4 топтан бір оқушы тақтаға шығып аты жазылған физикалық шаманың формуласын, бірлігін жазу қайсы топ бірінші жазып болуына қарау.

Кім жүйрік бұл сайыста болады екен

Формуланы дәл тауып жазар екен

Формуламен есепті шығарамыз

Шешімін , бірлігін кім табар екен.

6-шарт «Кім ойшыл?» — сөзжұмбақ шешу

Бас қатырар Сөзжұмбақ

Шешсең оны қызық-ақ

Ой өрісін арттырар

Өзі сондай ғажап-ақ.

7-шарт «Кім тапқыш?» — кубик ойыны

Ал қанекей білімдерді сынайық,

Ортаға сап біліммен шыңдалайық.

Белгілі пәндерді таңдау үшін,

Ортада кубикті айналдырайық.

8-шарт. «Кім күшті?» — еркін тақырып

Соңғы шарт еркін тақырып,

Өнерді көрсет таңқалдырып.

Физиканы осылай меңгереміз

Өнеріне шәкірттердің кенелеміз!

Имантау орта мектебі

«Физиканы меңгере аламыз ба?»

Көңілді тапқырлар сайысы.

7-8-9-10-11 сыныптар.

Мұғалім: Қанатова Бағила Елсүйерқызы.

2012-2013 оқу жылы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.31 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 147

Похожие материалы